Академия ректорының мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесуі

2021 жылдың 19 қарашасында “Bolashaq” академиясының ректоры Меңлібаев Құралбай Несіпбекұлы мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамымен кездесті. Кездесу барысында студенттерді оқыту, сондай-ақ практикадан өту, емтихандарға дайындау және т.б. мәселелер талқыланды.

Қаралған мәселелердің әрқайсысы бойынша осы жұмыс түрлерін жақсарту мақсатындағы іс-шаралар ұсынылды. Кафедра меңгерушісінің баяндамасын талқылағаннан кейін академия ректоры Құралбай Несіпбекұлы өз ескертулерімен және ұсынымдарымен сөз сөйлеп, талапкерлерді ЖОО-ға тарту үшін мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасында кәсіптік бағдар беру бойынша жұмысқа көп көңіл бөлу қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ, ректор қос дипломды білім беру үшін білім беру бағдарламаларын дамыту және 3 тілдік оқытуды енгізу бойынша жұмысты жандандыру қажет екенін атап өтті. Кафедраның ПОҚ ҚР аккредиттелген ЖОО-да оқылатын пәндер бойынша біліктілікті арттырудан өтуі қажет. Ректордың барлық ескертулері мен тілектері ПОҚ-тың алдағы қызметінде ескерілетін болады..

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.