“Айналайын” демалу аймағындағы демалыс

    2022 жылдың 19-20 шілдесі “Bolashaq “академиясының профессор- оқытушылар құрамы мен қызметкерлері жазғы демалыстарының бір бөлігін Балхаш қаласының  Тораңғылық аймағында орналасқан “Айналайын” демалыс орнында өткізіп қайтты.


   Бұл Академия әкімшілігі тарапынан өте жоғары деңгейде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын демалыс . Демалыс орны керемет жабдықталған, барлық жағдай қарастырылған. Асхана тағамдары өте дәмді әрі сіңімді. Демалыс аймағы жасыл желеу мен гүлдерге безендірілген. Ауыз сумен қамтамасыз ету, жатын үйлер, сәкі, душ, би алаңы талапқа сай десе болады.
     Академия профессор- оқытушылар құрамы мен қызметкерлері академия басшылығына өз алғыстарын білдіруде. Атап өткенде,  “Bolashaq “академиясының  ректорының міндетін атқарушы Рысмағамбетова Гульнара Мусиевнаға  және әкімшілік-шаруашылық бөлімінің бастығы Догалева Пакизада Тайжановнаға осындай демалысты ұйымдастырғаны үшін ерекше алғыстарын білдіріп жатыр. Академия қызметкерлері мен ПОҚ демалыс барысында өздерінің алған әсерлерін тек ауызша ғана жеткізіп қоймай барлық желілерге де салып үлгерді!

Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 70C2A364-2096-46DC-88F0-A87AF64A0B58-1000x750.jpeg
Это изображение имеет пустой атрибут alt; его имя файла - 39E2AAED-6C4D-4F09-93F7-163A25665731-1000x750.jpeg


    Сондай-ақ “ Айналайын демалыс орнының қызметкерлеріне де алғыстарын жаудыруда!
   “Айналайын “демалыс аймағы жыл сайын өз ұжымын күтеді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.