Туған күніңмен, сүйікті қаламыз!

Ты город мой Караганда.
С тобой навеки я, всегда!
Ты город мира и добра.
Шахтерской славы, ты земля!
Пустыни, горы и леса,
Поля, сады и сенокосные луга,
Отар и пастбищ полон край,
В земных запасах уголь, руда
Люблю тебя, Караганда!

1934 жылдың 10 ақпанында Қарағанды қала статусына ие болды.

Қарағанды туралы Қазақстаннан тыс жерлерде де біледі. “Қайда-қайда? Қарағандыда!” деген әйгілі сөзге байланысты ғана емес, әрине.

Қарағанды – үлкен тарихы бар шахтерлер қаласы. Репрессия кезінде Қарағанды жазушылар, ғалымдар, суретшілер мен дәрігерлер қаласы болды. Қазір Қарағанды-ғылыми және өнеркәсіптік орталықтар дамып, дәмханалар, мейрамханалар мен барлар ашылып жатқан заманауи мегаполис.

Қарағанды көптеген танымал адамдардың туған қаласы болып табылады. Әлемдік бокс жұлдыздары Серік Сәпиев пен Геннадий Головкин, хоккейші Константин Барулин, Шешен Республикасының қоғам қайраткері Ахмат Қадыров осында туып-өскен. Сондай – ақ, Қарағанды облысында Ұлы адамдар – Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев еңбек еткен, Қазақстан Республикасының тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров туып өскен.

Туған күніңмен, сүйікті қаламыз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.