Қазақстандағы Америка елшілігінің өкілдерімен кездесу

2021 жылы 28 қыркүйекте «Болашақ» академиясына Қазақстандағы Америка елшілігінің өкілдері : баспасөз, мәдениет және білім бөлімінің маманы – Сара Смит және түлектермен байланыс жөніндегі үйлестіруші – Айнұр Сембаева келді. Кездесуді шетел тілдері мен мәдениетаралық коммуникация кафедрасының профессоры, филология ғылымдарының кандидаты Ибраева Баян Мұқышқызы ұйымдастырды. Қонақтар академия әкімшілігі тарапынан ректормен және проректорлармен кездесті. Кездесу барысында ректор елшілік өкілдерін академия қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды. Өз кезегінде мәдени – ағарту атташесі Сара Смит елшіліктің ағымдағы бағдарламалары туралы ақпаратпен бөлісті, елшілікте ағылшын тілінің бағдарламалары бөлімі бар, бөлімнің қызметі Қазақстанда ағылшын тілін үйренуге қолдау көрсетуге бағытталған, бұл бағдарламалар елшіліктің ұзақ мерзімді басымдықтарының бірі болып табылады. Сондай -ақ, елшілікте Қазақстан мен АҚШ университеттері арасындағы серіктестікті дамытуға арналған бағдарламалар бар. Бағдарламалар университеттің әкімшілік қызметкерлері мен профессорлық -оқытушылық құрамының ғылыми және кәсіби әлеуетін арттыруға, университет бағдарламаларын жетілдіруге, жаңартуға, сондай -ақ студенттер мен магистранттардың академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған. Кездесу жемісті ынтымақтастыққа деген үмітпен жоғары кәсіби деңгейде өтті, қонақтар оқытушылар мен университет қызметкерлерінің оқу және ғылыми қызметі үшін пайдалы ақпаратпен бөлісті. Кездесудің қорытындысы кезеңінде тараптар естелік сыйлықтармен бөлісті.

  

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.