“Жас заңгер-2021” облыстық конкурсына қатысушылардың пікірлері

2021 жылдың 12 ақпанында “Bolashaq” академиясында Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының 11 сынып оқушылары, лицейлері, гимназиялары мен колледж түлектері арасындағы “Жас заңгер-2021 – Юный юрист-2021” облыстық байқауының қорытындылары шығарылды.

Қатысушылар мен ғылыми жетекшілер “Жас заңгер-2021″байқауын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін”Bolashaq”Академиясына алғыс білдіреді.

Ануар Жумаш:
Жыл сайын өтетін  «Жас заңгер-2021»  облыстық байқауын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін Болашақ академиясының ұжымына қала мектептерінің атынан зор алғысымызды білдіреміз. Мектеп бітіруші түлектеріміздің болашақ мамандық таңдауына кәсіптік – бейіндік бағдар беруде үлкен көмегі тиеді. Түлектеріміздің болашақ заңгер маманы иесі болуларына жағдай жасалған.
Болашақ академиясына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз. Үлкен рахмет!

Данилов Илья Михайлович, “№17 мектеп-гимназиясы” КММ тарих пәнінің мұғалімі, Саран қаласы:
Өз бетінше ізденістік – шығармашылық қызметінің дағдыларын дамыту, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және жастардың шығармашылық қабілеттерін анықтау қазіргі уақытта барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарының алдында тұрған өте маңызды міндеттер болып табылады. Осыған байланысты “Bolashaq” Академиясына облыс мектептері мен колледждерінің бітіруші сыныптарының және бітіруші топтарының заң жөнінде ойлауға бейім оқушыларын анықтауға көмектескен “Жас заңгер-2021” конкурсын ұйымдастырғаны және өткізгені үшін алғыс білдіргім келеді.

Құқықтық сауаттылықты арттырумен, шығармашылық қабілеттерін дамытумен және жазбаша баяндау дағдыларын дамытумен қатар, бұл байқау көпшілік алдында сөйлеу тәжірибесін қалыптастыруға да ықпал етеді. Сонымен қатар, “Жас заңгер-2021” байқауы облыс мектептері мен колледждерінің түлектері үшін мамандық пен оқу орнын таңдауға белсенді ықпал етеді.

Қорытындылай келе, мұндай байқаулар мүмкіндігінше жиі өткізіліп, ғылыми білімнің әртүрлі салаларын қамтығанын қалаймын!

Масанова Фарида Темирбаевна, тарих пәні мұғалімі:
Жыл сайын өтетін «Жас заңгер-2021» облыстық байқауын жоғары дәрежеде ұйымдастырып өткізгені үшін “Болашақ” академиясының ұжымына қала мектептерінің атынан зор алғысымызды білдіреміз. Мектеп бітіруші түлектеріміздің болашақ мамандық таңдауына кәсіптік –бейіндік бағдар беруде үлкен көмегі тиеді. Түлектеріміздің болашақ заңгер маманы иесі болуларына жағдай жасалған. Болашақ академиясына сәттілік, шығармашылық табыс тілейміз.

Ғылыми жетекші Ахметжанов Даулет Акатович (№22 ЖББМ):
“Жас заңгер-2021” байқауына “Bolashaq”академиясының екінші турына шақыру алу біз үшін өте қуанышты болды!

Конкурс ұйымдастырушыларына осындай өзекті тақырыпқа оқушылардың қызығушылығын оятуға мүмкіндік бергені үшін, көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесін алу мүмкіндігі үшін, диалог өткізудегі пайдалы алаң үшін үлкен алғысымызды білдіреміз!

Сіздердің байқауларыңыздың арқасында оқушылар өз ұстанымдарын білдіруге үйренеді, құқықтық сауаттылық деңгейін арттырады, логикалық ойлауды дамытады! Сондай-ақ, бұл конкурс болашақ мамандықты таңдауға көмектеседі!

Шығармашылық күштеріңіздің арта беруіне және жұмыста одан әрі табыстарға жете берулеріңізге тілектеспіз!

Уксукбаева Мереке Ерденовна № 104 мектеп-гимназия
Оқушы Қайратова Айым Ерсенқызы:

Ұйымдастырылған сайыстарыңызға рахмет! Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыруға үлкен мүмкіндік беретін сайыс! Екінші айналымға өткізгендеріңіз үшін алғыс айтамын!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.