Жас зангер-2021 – Юный юрист-2021

2021 жылдың 12 ақпанында “Bolashaq” Академиясының заң пәндері кафедрасы Қарағанды облысының Білім басқармасымен бірлесіп Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының 11 сынып, лицей, гимназия оқушылары мен колледж түлектері арасында “Жас заңгер-2021” облыстық байқауын өткізді.

Байқау online форматта өтті (ZOOM платформасы).”Жас заңгер-2021″ байқауының мақсаты – заңгерлік білім мен құқықтық мәдениетті насихаттау, заңгерлік ойлау қабілеті мен әлеуетті қабілеті бар талантты және шығармашыл жастарды анықтау және қолдау болып табылады.

Конкурстың міндеттері:

1) болашақ – заңгер мамандығын таңдауда белсенді көмек көрсету;

2) өзіндік ойлаудың шығармашылық қабілеттерін дамыту және өз ойларын білдіре білу;

3) жазбаша баяндау дағдыларын дамыту;

4) көпшілік алдында сөз сөйлеу тәжірибесіне дағдылану;

5) оқушылар мен педагогтерды құқықтық жалпыға міндетті оқуға тарту;

6) қазіргі кезеңде білім алып жатқан жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру.

Байқауға Қарағанды, Приозерск, Саран, Сәтпаев, Теміртау, Жезқазған, Шахтинск қалаларынан 42 оқушы қатысты.

Байқау 2 кезеңмен өткізілді.

Бірінші тур (сырттай) – “Қазіргі қоғамдағы құқықтың рөлі” тақырыбына эссе іріктеуі 2021 жылдың 22 қаңтары мен 9 ақпаны аралығында өтті.

Конкурстық комиссия жұмыстарды іріктеу кезінде мынадай критерийлерді басшылыққа алды:

  • дербес жұмыс істей білуі, талдай білуге қабілеттілігі;
  • мазмұндау стилі, төлдаралығы;
  • сауаттылық;
  • дәлелдеу дәрежесі;
  • автордың эрудициясы.

Екінші тур-қашықтықтан өткізілген тур, ZOOM платформасының негізінде 2021 жылдың 12 ақпанында эссе қорғау түрінде өтті. 2 турға алдын ала іріктеуден өткен 11 қатысушы шақырылды.

Орын жеңімпаздарға төмендегідей тәртіпте берілді :

Конкурс қорытындысын шығару:

1 орын –”Bolashaq” академиясының бірінші курсында тегін оқуға “Bolashaq” академиясы ректорының грантын Абенова Аружан Абеновна иеленді, Жезқазған қ. “№ 22 ЖОББМ” КММ. Басшысы Ахметжанов Дәулет Ақатұлы (Жезқазған қаласы).

2 орынбірінші курста оқу ақысына 50% жеңілдікті Қайратова Айым Ерсеновна иеленді, Қарағанды қ. № 104 мектеп – гимназиясы, жетекшісі Уксукбаева Мереке Ерденовна

3 орынбірінші курста оқу ақысын төлеу бойынша 25% жеңілдікті Нұралиева Арина Кенжетайқызы алды, Приозерск қаласының №1 ЖОББМ. Басшысы Қарабаева Маржан Лесбекқызы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.