Биология және химия бойынша Олимпиада-2024

2024 жылдың 9 ақпанында “Bolashaq” Академиясында фармацевтикалық пәндер кафедрасы химия және биология пәндері бойынша мемлекеттік және орыс тілдерінде оқитын 11 сынып оқушыларына арналған жыл сайынғы облыстық олимпиада өткізді. Олимпиаданың мақсаты-мектептердің болашақ түлектеріне кәсіби бағдарлауда және мамандық таңдауда белсенді жәрдемдесу, химия және биология саласына бейімі бар неғұрлым қабілетті оқушыларды анықтау.

Олимпиадаға қатысу үшін Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының оқу орындарынан биология бойынша 24 өтінім және химия бойынша 19 өтінім берілді. Өкінішке орай, ауа-райына байланысты олимпиадаға қатысушылардың аз ғана бөлігі ғана келе алды. 9 ақпанда олимпиадаға 7 оқушы қатысты.

Сондықтан пәндік олимпиаданы 2 кезеңде өткізу және 1 және 2 кезеңге қатысушылардың нәтижелерін біріктіру туралы шешім қабылданды. Олимпиаданың 2 кезеңін 2024 жылдың 1 наурызында өткізу жоспарлануда.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.