«Қош келдің, студент!»: «Bolashaq» Академиясы жаңа оқу жылын бастады

«Bolashaq» Академиясында Білім күніне арналған «Қош келдің, студент!» атты мерекелік іс-шара өтті!

«Bolashaq» Академиясының ректоры Қуанышбек Бұланұлы Аданов жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, білім, ғылым мен еңбектің болашақтың берік іргетасы екенін атап өтті.

Академияның бірінші курс студенттері салтанатты ант беріп, студент атағын адал алып жүруге, ұстаздарға құрмет көрсетуге және жаңа биіктерге ұмтылуға уәде етті.

Концерттік бағдарлама барысында орындалған музыкалық нөмірлер мерекеге ерекше әсер беріп, студенттерге шабыт сыйлады.

Жаңа оқу жылы – жаңа ашылымдар, білім мен жетістіктердің бастауы! «Bolashaq» Академиясы барша студенттер мен оқытушыларға шабыт, табандылық және жаңа белестер тілейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.