Академиялық ұтқырлық – білім алушылардың кәсіби және академиялық әлеуетін арттыруға, жаңа білім беру ортасында тәжірибе жинақтауға, заманауи білім беру тәсілдерімен танысуға мүмкіндік беретін маңызды бағыттардың бірі. Ол студенттердің білім сапасын жетілдіріп қана қоймай, олардың дүниетанымын кеңейтуге, жаңа ортаға бейімделу дағдыларын қалыптастыруға және болашақ маман ретінде жан-жақты дамуына ықпал етеді.

«Bolashaq» Академиясы мен А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты арасындағы ынтымақтастық туралы келісім аясында «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» білім беру бағдарламасының 3 курс студенті Махметова Диана Амантаевна «Bolashaq» Академиясына 5-академиялық семестрде білім алу үшін қабылданды.

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студент оқу пәндерін меңгерумен қатар, академияның ғылыми, мәдени және қоғамдық өміріне белсенді араласуға мүмкіндік алады.
«Bolashaq» Академиясы білім алушылардың сапалы білім алуына, кәсіби және тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасауға ерекше мән береді. Біз Диананың академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясындағы оқу кезеңі жемісті өтіп, жаңа жетістіктер мен құнды тәжірибелерге толы болатынына сенім білдіреміз.
Дианаға оқуында табыс, жаңа білім мен шығармашылық шабыт тілейміз!
Білім көкжиегін бірге кеңейтейік!