Латын графикасына көшу мәселелері бойынша онлайн кездесуге қатысу

2021 жылдың 30 қаңтарында Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, филология ғылымдарының кандидаты, “Bolashaq” Академиясының профессоры Сембиев Құрманғазы Закирович Қарағанды қаласының 93 гимназиясының педагогтары және оқушыларымен қазақ әліпбиінің латын графикасына көшу мәселелері бойынша онлайн кездесуге қатысты.

Бұл оқиға Қалалық білім бөлімінің ресми сайтында және “№ 93 Гимназия ” КММ -нің FaceBook әлеуметтік желісінде көрініс тапты.

ӨНЕГЕЛІ ӨМІР – ЖАҢА СЕРПІН

Ұлт болашағының кемелдену жолында серпін беретін бірден – бір құрал – елімізде кезең кезеңмен енгізгелі жатқан латын графикасы негізінде құрылған төл əліпбиіміз.

Республикалық латын графикасы негізіндегі əліпбиге көшірудің жұмыс тобының белсенді мүшесі, құрметті қонағымыз, Құрманғазы Зəкірұлы ғылыми қағидаларға негізделіп, əліпбидің маңыздылығы мен бүгінгі күндегі өзектілігі жайында педагогтар мен оқушыларға ой салды, оның кемел келешекке жол бастайтыны мен ғылым мен білімге жаңа серпін беретініне сенім білдірді. 

ЖАҢА СЕРПІН

Латын графикасы негізіндегі әліпбиді бекіту және одан әрі кезең – кезеңімен енгізу – ұлттық ғылым мен білім беруді дамытуға жаңа серпін береді.

Бұл туралы сенімді фактілерді негізге ала отырып, түркітанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, латын графикасына негізделген әліпбиді енгізу жөніндегі Республикалық жұмыс тобының мүшесі ҚҰРМАНҒАЗЫ ЗӘКІРҰЛЫ СЕМБИЕВ “Өнегелі өмір”жобасы аясында Қарағанды қаласының 93 гимназиясының педагогтары мен жоғары сынып оқушыларымен онлайн кездесуде өз ойын айтып берді.

Құрманғазы Зәкірұлы әліпбидің соңғы редакциясында бекітілген негізгі нақты өзгерістерді егжей-тегжейлі баяндап өтті.

Лингвист-ғалым виртуалды сұхбаттасушылардың назарын жаңа әліпби бойынша оқытуда қолдану мен негізгі әдістерге аударды.

Ең маңызды және ең өзекті мәселе – бұл әліпби бүкіл түркі әлемін біріктіретін құралға айналады!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.