“Бауыржан Момышұлы : абырой пен ерлік – батырдың белгісі” парасаттылық сағаты

13 қазан күні “Bolashaq” академиясының студенттері “Бауыржан Момышұлы: абырой мен ерлік – батырдың белгісі” атты дәстүрлі біріңғай жалпы республикалық парасттылық сағатына белсене қатысты.

Батырлық, адалдық, табандылық – бұл қасиеттер Бауыржан Момышұлын халық қаһарманына айналдырды. Биыл көптеген марапаттардың иегері, жазушы, Кеңес Одағының Батыры 110 жасқа толады.

Парасаттылық сағаты барысында Момышұлының ерлік істері мен өмірлік қағидалары туралы әңгіме жүргізілді.

Ол тек абыройлы және тәртіпті батыр ғана емес, сонымен бірге Отанға адал, дана жазушы болды.

“Отанға деген сүйіспеншілік ата-анаға, сенің өскен ауылыңа деген сүйіспеншіліктен басталады. Сонда ғана адам патриот болады. Адам өз ата-анасын ғана емес, басқалардың да ата-аналарын құрметтеу керек. Туған ауылының тасын құрметтемейтін адам басқа ауылдың тауын да құрметтей алмайды. Өзіңді құрметтей отырып, өзгелерді де құрметтей аласың”, – деп жазды Бауыржан Момышұлы.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.