«Түркі өркениетінің даму жолы” Кітап шоу фестиваліне қатысу

21.04.2023 жылы, сағат 11.00-де «Қарағанды қаласының мәдениет, тілдерді дамыту, дене тәрбиесі және спорт бөлімі» ММ –нің ұйымдастыруымен «Қарағанды қаласының орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ. Әуезов атындағы орталық қалалық кітапханасында 2023 жыл – Түркі өркениетінің даму жылы аясында «Түркі өркениетінің даму жолы» тақырыбындағы Кітап шоу фестивалі өтті.

Іс-шара спикері Қарағанды «Bolashaq» Академиясының» оқытушысы, филология ғылымдарының кандидаты, профессор, «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, лингвист-түркітанушы Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы және Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің тарих факультеті деканының ғылыми жұмыс жөніндегі орынбасары Смағұлов Нұртас Бірлікұлы болды.

Аталған іс-шараға қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы Ахметова Н.Т., сондай-ақ қазақ тілі мен әдебиетті білім беру бағдарламасының К-20 тобы студенттері қатысты.

Шара барысында спикерлер Түркі өркениетінің тарихы, түркі жазбалары, сол заманғы археологиялық қазбалар жайлы мағлұматтар берді. Қарағанды облысының бейнелеу өнері музейінің тақырыпқа байланысты көрмесі және «Түркі әлемінің бірлігі» кітап көрмесі ұсынылды.

«Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының меңгерушісі, лингвист-түрколог Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы «Н.А.Баскаков. Түркі тілдерінің классификациясы» тақырыбында баяндама жасды. Лектор түркі тілдерінің батыс және шығыс хұн саласы, оған кіретін негізгі тілдерге шолу жасап өтті.

Түркі тілдеріне байланысты өткізілген кітап көрмесі, жалпы өткізілген іс-шара, қатысушылардың түркі әлеміне деген қызығушылығын тудырды, шара соңында олар өз ой-пікірлерімен бөлісті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.