Біздің студенттер үздік!

6-7 мамыр аралығында Ақтоғай ауданында ұлттық спортты дәріптеу бойынша IV аудандық чемпионат өтті. Жарысқа “Қазақ тілі мен әдебиеті” білім беру бағдарламасы к-20-1 тобының студенті Ізбасар Ерқанат қатысты. Іс-шара жастар арасында көкпар ойынын, сондай-ақ ұлттық мәдени құндылықтарды насихаттау және дәріптеу мақсатында ұйымдастырылды.   Ізбасаров Ерқанат ойнаған көкпар командасы чемпионатта жақсы өнер көрсетті. Біздің студент командаға ұпай жинаудағы ең үздіктердің бірі болды. Ерқанатқа одан әрі табыстар мен жеңістер тілейміз!

Көкпар-тек Қазақстанда ғана емес, Орта Азияда кең таралған қазақтың ең танымал ойындарының бірі. “Көкпар” қатысушыларының ептілігі, күші, батылдығы, шымырлығы сыналатын ұлттық спорттық ойын. Бұл спорт түрі кеңінен таралуда, өйткені бұл Орталық және Орта Азия елдерін біріктіруге үміткер жалғыз спорт ойынының түрі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.