ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН КОНКУРС

Сіздерге Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және “Алаш Орданың” негізін қалаушы қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейхан, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаевтың мерейтойына арналған “Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан” атты конкурсқа қатысуды ұсынамыз.




Байқау ұлттық сана-сезімнің қалыптасуы мен дамуындағы, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту мен дамытудағы “Алаш” қайраткерлерінің идеялық мұрасымен таныстыру мақсатында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Қарағанды облысы ішкі саясат басқармасының”Қоғамдық келісім” КММ.

Өтетін күні: 2021 жылдың 25 қазанынан 12 қарашасына дейін.

Өтетін орны: Қарағанды қ., Достық үйі (Шахтерлер даңғылы, 64).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Қатысуға Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

Ә.Бөкейхан, Ә. Ермеков, Ж. Ақбаевтың өмірі мен шығармашылығын зерттеуге арналған ғылыми жобалар конкурсы. Жұмыс автордың өз ұстанымын көрсетуі керек, ғылыми мәліметтерге және өз зерттеулеріне сүйенуі керек, сонымен қатар дәлелденген фактілерді қамтуы керек. Көлемі: компьютер терілімінің 5 бетінен аспауы емес.

бейнероликтер конкурсы. Қатысушылар Ә.Бөкейхан, А. Ермеков, Ж. Ақбаев туралы 5 минуттан аспайтын сапалы бейнеролик дайындауы тиіс.

публицистикалық мақалалар байқауы. Конкурстың барлық шарттарына сәйкес келетін, кемінде 1500 белгіден тұратын, баспа БАҚ-та (газеттер, журналдар) немесе Қазақстан Республикасының интернет-ресурстарында жарияланған мақалалар (мақалалардың көшірмелері, газет қиындылары) қабылданады.

Материалдарды бағалау критерийлері:

-материалдардың жаңалығы мен бірегейлігі (идея креативтілігі) – ;

-материалдардың әлеуметтік маңызы;

-мақсатты аудитория, атаулылық;

-көркемдік тәсіл.

Байқау жеңімпазының марапатталуы.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады:

Ғылыми жобалар конкурсы: 1 орын( 1 адам) – 100 000 теңге, 2 орын( 2 адам) – 50 000 теңге, 3 орын( 5 адам) – 30 000 теңге.

Бейнероликтер конкурсы: 1 орын (1 адам) -100 000 теңге, 2 орын( 2 адам)- 50 000 теңге, 3 орын( 5 адам)- 30 000 теңге.

Публицистикалық мақалалар байқауы: 1 орын (1 адам) -100 000 теңге, 2 орын( 2 адам)- 50 000 теңге, 3 орын( 5 адам)- 30 000 теңге.

Басқа елді мекендерден келетін қатысушылардың іссапар шығыстары (жол жүру), тұруы, тамақтануы және тәуліктік шығыстары жіберуші тараптың есебінен төленеді. Ұйымдастырушылар үлестірме материалдарын ұсынады.

Егер сіз қатысуға қызығушылық танытсаңыз, қатысушының тіркеу формасын қазақ, орыс тілдерінде толтыруыңызды және 2021 жылдың 12 қарашасына дейін тіркеу формасын (1 қосымша) және байқау материалдарын “Конкурсқа қатысу үшін” деген міндетті белгімен kelisimank@gmail.com электрондық мекен-жайға жіберулеріңізді сұраймыз. Қосымша ақпаратты телефон арқылы алуға болады : 8(7212) 900309, 900329, 8-778-009-24-45, 8-701-479-96-49.

https://bolashaq.edu.kz/wp-content/uploads/2021/11/%D0%98%D0%BD%D1%84%D0%BE%D1%80%D0%BC%D0%B0%D1%86%D0%B8%D0%BE%D0%BD%D0%BD%D0%BE%D0%B5-%D0%BF%D0%B8%D1%81%D1%8C%D0%BC%D0%BE-%D0%90%D0%BB%D0%B0%D1%88-2021.docx

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.