ҚОШ КЕЛДІҢ, ӘЗ-НАУРЫЗ!

16 наурызда «Bolashaq» Академиясының талантты да талапты студенттері Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында “Ұлыстың  Ұлы күні – әз-НАУРЫЗ” атты концерттік іс-шарада өнерлерін көрсетті.

«Bolashaq» Академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы Байшагиров осы атаулы концертті басқарып барды. Академия өнепаздары би билеп, әндері мен күйлерін ортаға салды.

Өнер көрсеткен студенттеріміз: Ин-21-2 тобынан Құттымұратов Ерасылға, Ф-21-2 тобынан – Қуандықова Балеркеге, К-20-1тобынан – Жұрағат Аймаралға, Ю-21-1 тобынан – Оразкенов Амирханға шығармашылық табыстар, үлкен жетістіктер тілейміз!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

Барша шаңыраққа бақыт пен молшылық тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.