«ТІЛ-ҚАЗЫНА – 2023» олимпиадасының  қорытындысы

«Bolashaq» академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы «ТІЛ-ҚАЗЫНА –2023» олимпиадасының екінші  кезеңін 17.03.2023ж.  сағ. 10.00-де MOODLЕ платформасында онлайн форматында өткізді. (Сілтеме бір күн бұрын жіберілді.)

«Тіл қазына-2023» байқауына дайындық жұмыстары жоспарлы түрде жүргізілді. Байқауға жауапты аға оқытушы Б.А.Абылбаева алды-ала байқау материалдарын, АКТ әзірлеп, өтінім жұмыстарымен танысып отырды, Академия баспасына алғыс хаттар мен сертификаттарға өтінім берді.

Комиссия төрағасына кафедра меңгерушісі, профессор  Қ.З.Сембиев және комиссия мүшелері құрамына  кафедра доценті Р.Х.Абдрахманов, ф.ғ.к, доцент Ж.М.Баймұрынов, кафедра доценті Р.Н.Исмаилова, аға оқытушы Б.А.Абылбаева бекітілді.

Екінші кезеңнің өткізілу салтанатында қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, профессор  Сембиев Құрманғазы Зәкірұлы қатысушыларға ыстық ықылас, жылы лебізін білдіріп сәттілік тіледі.

 «2023 жыл – Ауыл жылына»  орай ауыл, туған жер тақырыбындағы  көркем шығармалар мен публицистикалық туындалардан монолог оқу (үзінді көлемі кемінде 300-350 сөз, уақыт ұзақтығы 2 минут, жатқа оқу керек) түрінде өткен олимпиада сайысына 2-турға өткен барлық оқушылар қатысты.

Кезең өте әсерлі,  жоғары  шығармашылық деңгейде  өтті.

Сонымен қорытындылай келе,

«ТІЛ – ҚАЗЫНА – 2023» байқауының жеңімпаздары төмендегідей нәтижеге қол жеткізді:

1-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 100%  жеңілдік;

Болат Диляра Ерланқызы (Қарағанды қаласы, Әлихан Бөкейханов атындағы ЖББМ КММ);

2-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 50%  жеңілдік;

Аскарова Алия Газизовна (Бұхар Жырау  ауданы, Шешенқара ауылы, Шешенқара ЖББМ КММ);

3-орын – оқудың 1 жылдық төлем ақысына – 25%  жеңілдік.

Қапас Шұғыла (Қарқаралы қаласы, О.Жәутіков атындағы ЖББ №1 қазақ мектебі).

Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы  Б.А.Абылбаева байқаудың нәтижесінен соң байқау жеңімпаздарына сертификат және   жетекшілеріне алғыс хат  жеткізілетіндігін  хабарлады және жеңімпаздарды құттықтап, Академияға келулеріне ақ жол тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.