ҚОШ КЕЛДІҢ, НАУРЫЗ!

16 наурызда “Bolashaq” Академиясының дарынды да алғыр студенттері Қарағанды қаласының № 2 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығында “Ұлыстың ұлы күн – әз-НАУРЫЗ” концерттік іс-шарасында өнер көрсетті.

“Bolashaq” Академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейірбек Қайырбекұлы Байшағыров осы атаулы концертті басқарды. Академия студенттері би билеп, әндер мен күйлер орындады.

Ин-21-2 тобынан Құттымұратов Ерасылға, Ф -21-2 тобынан Қуандық Балеркеге, К 20-1 тобынан – Жүрағат Аймаралға, Ю-21-1 тобынан – Оразкенов Әмірханға шығармашылық жетістіктер мен үлкен жеңістер тілейміз!

Наурыз құтты болсын!

Баршаңызға бақыт пен барлық игіліктерді тілейміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.