Мемлекет басшысы Қарағанды облысы ҚХА ҒСТ отырысына қатысты

2020 жылғы 25 қарашада “Руханият” ҒЗО директоры, ҚХА ҒСТ мүшесі Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ғылыми-сарапшылық тобының офлайн-отырысына қатысты.

Отырыста келесі мәселелер қаралды:

– 2020 жылғы 11 қарашада Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында Тұңғыш Президент – Елбасы, ҚХА Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев көтерген мәселелерді талқылау.

-2020 жылы Қарағанды облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобының өткізген іс-шараларын талқылау.

-Қарағанды облысы ҚХА Ғылыми-сараптамалық тобының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарын талқылау. Қызмет келесі бағыттар бойынша жоспарланады:

Қаңтар – “Қазақстанның жаһандық бастамалары. Халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі”.

Февраль – «Мың тағдыр – бір ел», «Единство общества и права гражданина – приоритеты внутренней политики современного Казахстана», посвященные Дню благодарности.

Ақпан – Алғыс айту күніне арналған “Мың тағдыр – бір ел”, “Қоғам бірлігі және азамат құқығы – қазіргі Қазақстанның ішкі саясатының басымдықтары”.

Наурыз – “Қазақтану “тұжырымдамасын іске асырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлі”; Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Студент жастар – Тәуелсіз Қазақстанның маңызды ресурсы” әлеуметтік жобалар конкурсы, “Студенттік Достық фестивалі”.

Сәуір – “Ұлы даланың жеті қыры”, “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру – жастар көзімен”; “Бір халық-бір ел – бір тағдыр”атты аймақтық ЖОО аралық ғылыми – тәжірибелік конференция.

Мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын, “Алаш” партиясының интеллигенттері Әлихан Бөкейхановты, Әлімхан Ермековты еске алу күніне арналған “Болашақ үшін есте сақтау» ҚХА ғылыми еңбектерінің жинағы.

Тамыз -қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің қазақстандық моделі ҚР Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа арналған үздік ғылыми жобаның облыстық байқауы; “Қазақстан Республикасының Конституциясы – қазақстандық қоғамның тұрақтылығы мен әл-ауқатының кепілі” ғылыми-практикалық форумы.

Қыркүйек-желтоқсан – “Қазақстан-бейбітшілік пен келісім аумағы”дөңгелек үстелдер топтамасы.

Желтоқсан – “Қазақстан-менің Отаным”атты республикалық студенттік ғылыми – практикалық конференция.

Аталған іс-шараларға қатысу 2021 жылға арналған “Руханият” ҒЗО жұмыс жоспарына енгізілетін болады.

“Руханият” ҒЗО директоры А. У. Аупенова

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.