Өлкетану зерттеулері бойынша конференция жұмысына қатысу

2020 жылдың 26 қарашасында “Руханият” ҒЗО -ның директоры А.У. Аупенова өлкетану зерттеулері аясындағы “VIII Нүсіпбек оқулары” аясында өткізілген “Қазақстанның Ұлы Жеңіске қосқан үлесі және Ақай Нүсіпбековтің мұрасы” атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияға “517-ші эвакуациялау эпосы”баяндамасымен қатысты.

Конференцияны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты.

Конференция жұмысы аясында келесі мәселелер қаралды:

  • Кеңес Одағы мен Қазақстан соғыс қарсаңында: соғысқа дейінгі жағдай.
  • Қазақстан аумағында жалпыға бірдей әскери жұмылдыру және әскери құрамаларды қалыптастыру.
  • Қазақстанның Ұлттық әскери құрамалары: қалыптасу тарихы және жауынгерлік жолы.
  • Ұлы Отан соғысы жылдарындағы Қазақстан: Республиканың әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері.

Эвакуация: эвакуацияланған кәсіпорындар мен оқу орындарын қабылдау және орналастыру.

  • Қазақстан-майдан арсеналы: Қазақстан аумағындағы әскери-қорғаныс өнеркәсібінің объектілері.
  • Соғыс жылдарында майданға Қазақстан халқының көмегі.
  • Қазақстандықтардың 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы майдандарындағы ерліктері.
  • Партизан отрядтары мен қарсылық қозғалысындағы қазақстандықтар.
  • Қазақстандықтардың әскери тұтқындарының тағдыры және оңалту мәселесі.
  • Еңбек армиясы құрамындағы қазақтар.
  • Қазақстан әйелдерінің Жеңіске қосқан үлесі.
  • Ұлы Отан соғысы кезіндегі Қазақстан: мәселенің тарихнамасы.
  • Соғыс батырлары мен құрбандарын мәңгі есте қалдыру.
  • Ұлы Отан соғысы туралы естеліктерді сақтаудағы мұражайлардың рөлі.
  • Соғыс туралы тарихи аңыздар және Қазақстандағы қазіргі заманғы еске алу саясаты.
  • Соғыс тарихы бойынша жаңа мұрағаттық деректер мен құжаттар.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.