Өз түлектерімізді мақтан тұтамыз!

Қарағанды облысында үздік мектеп психологтары таңдалды.

Үздіктердің ішінен ең үздіктерін қатысушылардың үш санатынан таңдады.

3 жылдан 7 жылға дейінгі еңбек өтілі категориясында, өзінің әсіби қызметін Балқаш қаласының Абай атындағы №2 лицейінде атқарып жүрген “Bolashaq” Академиясының Педагогика және психология кафедрасының түлегі Айсұлу Төлетаева үздік атанды.

Жарысты Қарағанды облысының білім басқармасы, білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырды, ол 3-5 қараша аралығында білім беру ұйымдарының педагог-психологтары арасында өтті. Карантинге байланысты бұл байқау алғаш рет конференция форматында онлайн өткізілді.

“Жылдың үздік психологы” байқауы талантты, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог-психологтарды анықтау, сондай-ақ оларды қолдау және көтермелеу үшін үш жылдан бері өткізіліп келеді. Жарысқа білім беру ұйымдарының педагог-психологтары үш санатта қатысты: жұмыс өтілі 3 жылға дейін, 3 жылдан 7 жылға дейін және 7 жылдан жоғары.

Әрі қарай БАҚ жаңалықтарынан оқыңыз:

http://ekaraganda.kz/?mod=news_read&id=101488

https://aqparat.info/news/2020/11/06/9871318-v_karagandinskoi_oblasti_vybrali_luchshi.html

https://www.instagram.com/p/CHSM0nHAirg/?igshid=1nios8tl5invi

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.