“Бұл ауырсыну кетпейді…” Назарбаев туралы жаңа фильмнің тизері пайда болды

Құрметті достар! Сіздерге көруге кеңес береміз!

Бірінші желтоқсан күні сағат 21: 40-та “Хабар” телеарнасының эфирінде Елбасы Баспасөз қызметі мен Нұрсұлтан Назарбаев Қорының қолдауымен журналист Айгүл Әділованың “Портретке штрихтар” деректі фильмінің бірінші сериясының премьерасы өтеді.

“Портретке штрихтар” – бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған, Қазақстанның Тұңғыш Президенті тұлғасының бұрын көрерменге белгісіз қырларын ашатын көпсериялы деректі фильм. Фильм Елбасының эксклюзивті сұхбаты негізінде жасалған.

“Құдай ешкімге де, сізге де осындай ауыруды сезінуге жол бермесін. Бұл ауырсыну кетпейді… аурудан кейін мен ол жерге арнайы бардым … Менің өмірімде бәрі басқаша болуы мүмкін”,-дейді Нұрсұлтан Назарбаев тизер кадрларында.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.