“Мейірімділік, махаббат және гуманизм шуағы” телекөпірі

2021 жылғы 10 ақпанда Қарағанды қ. “Bolashaq” академиясының Гуманитарлық педагогика орталығы және Теміртау қ. Қарағанды индустриялық университеті “Бөбек” халықаралық қоғамдық қорының президенті С. А. Назарбаеваның 80 жылдығына арналған “Мәскеу-Тбилиси-Алматы-Нұр-Сұлтан-Қарағанды-Теміртау” “Мейірімділік, махаббат және гуманизм шуағы” онлайн-телекөпірін өткізді.

Құрметті қонақтар ретінде шақырылғандар:

  • “Bolashaq” академиясының құрметті профессоры, психология ғылымдарының докторы, Ресей Білім Академиясының академигі, Халықаралық Гуманитарлық Педагогика Орталығының жетекшісі, “Гуманитарлық педагогика серісі”, “Балалық шақтың серісі”, “Жыл адамы -2020”- Амонашвили Шалва Александрович ;
  • Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың серіктестері, металлургия ардагерлері:

Қуаныш Омашев, Ермек Төлеубаев Ыбырайылұлы, Тоқтархан Ысқақов Ыбырайұлы, Никонов Алексеевич ;

  • “Бөбек “Ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы” РМҚК -нің бас директоры-Сакенова Елена Николаевна;
  • “Bolashaq” академиясының құрметті профессоры, психология ғылымдарының докторы, Халықаралық гуманитарлық педагогика орталығының президенті” Гуманитарлық педагогика серісі”, “Басти Бубу” мектепке дейінгі балалар білім беру мекемесінің ғылыми жетекшісі, әлеуметтанушы, жазушы-Амонашвили Паата Шалвович;
  • Халықаралық Гуманитарлық Педагогика Орталығының вице-президенті,” Гуманитарлық педагогика серісі”,”Razum Life” қоғамдық бірлестігінің төрағасы, “Брант” медициналық корпорациясының президенті, жазушы – Таргакова Марина Замшарифовна;
  • “Саналы өмір” қоғамдық қорының жетекші әдіскер-кеңесшісі, гуманитарлық педагогика, мектеп дінтану және салауатты өмір салты волонтерлік қозғалысы бойынша маман-Зайцева Светлана Анатольевна.

“Bolashaq” академиясының ректоры, Қазақстан Педагогикалық ғылымдар Академиясының академигі, Еуразия Халықаралық экономикалық академиясының академигі, профессор Қ.Н. Меңлібаев (Қарағанды қ.); Қарағанды индустриялық университетінің ректоры, техника ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасы Жоғары Мектебі Ұлттық Ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі, профессор Б. А. Жаутикова (Теміртау қ.) құттықтау сөз сөйледі.

Кездесу мейірімді және достық жағдайда өтті

.”Bolashaq” академиясы мейірімді, ақкөңіл, жарқын адам – Сара Алпысқызына – жаңа шығармашылық жетістіктер, мықты денсаулық және ұзақ өмір тілейді!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.