«Өнегелі өмір» жобасы

10-ақпан күні «Bolashaq» академиясының «Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы студенттері және кафедра меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Асакаева Д.С. «Өнегелі өмір» жобасы аясында Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен ұлағатты ұстаз, әмбебап әдіскер, әлихантанушы Тілеуғалы Әміртайұлына арналған дөңгелек қатысты.

«Өнегелі өмір» жобасы аясында Еліміздің мәртебесін көтеріп жүрген абыройлы азаматтардың жаңа қырларын жас буын өкілдеріне таныстыру мақсатында ардагер ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі, Ыбырай Алтынсарин төсбелгісінің иегері, Қазақстан және халықаралық журналистер одағының мүшесі, БҰҰ-ның Қазақстандағы филиалының «Ұлт мақтанышы» медалінің иегері, Қарағанды облысы білім саласына еңбек сіңірген қызметкері, Қарағандыдағы бәсекеге қабілетті №76 қазақ орта мектебін ұзақ жыл басқарған ұстаз Тілеуғалы Әміртайұлы ұстаздық жолдағы естеліктерімен және ақыл-кеңесімен бөлісті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.