Әуесқой композитор -жыршылардың облыстық онлайн байқауы

Әуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы талантты әуесқой композиторларды іздеу және қолдау, түрлі жанрлар мен бағыттардағы авторлық музыкалық шығармаларды насихаттау, Қарағанды облысы халқының шығармашылық әлеуетін ашу мақсатында өткізіледі.
Конкурсты өткізу шарттары
Әуесқой композиторлардың облыстық онлайн байқауы 2022 жылдың 10 ақпаны мен 10 наурызы аралығында өткізіледі. қорытынды шығару және марапаттау рәсімі 2022 жылдың 18 наурызында Кеншілер мәдениет сарайында өтеді.
Байқауға жас шектеуінсіз әуесқой композиторлар қатысады.
Конкурс номинациялар бойынша өткізіледі:

  • Еркін тақырыптағы ән
  • Балаларға арналған ән
  • Отан туралы ән (патриоттық ән)

Байқауға қатысу үшін 1 әннің бейнежазбасын “Instagram” әлеуметтік желісінің жеке парақшасында шығарманың атауы мен авторын көрсете отырып жариялау қажет.

Жарияланымды хэштегпен белгілеуді ұмытпаңыз –- #композиторысарыарки

Конкурстың Ұйымдастыру комитеті конкурсқа ұсынылған туындылардың авторлығына байланысты жауапкершілік бермейді және наразылықтарды қабылдамайды.

Ұйымдастыру комитеті өтінімдер конкурс туралы Ереженің талаптарына сәйкес келмеген жағдайда оларды қабылдамауға құқылы.
Ынталандыру
Конкурс жеңімпаздарына әр номинация бойынша Гран-при, І, ІІ, ІІІ орын беріле отырып дипломдар және ақшалай сыйақылар беріледі.
Қосымша мәліметтер
Өтінім белгіленген нысанда беріледі, сондай-ақ нота және ән мәтінін қоса жібереді..

100009 Қарағанды қ., Бұқар жырау даңғылы, 32
Телефон 50-77-04, 42-50-95, жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін.

Өтінімдерді EMAIL-ге жіберу: nissaryarki@mail.ru

Өтінім бланкісін орталықтың сайтынан жүктеуге болады
Сілтеме профиль тақырыбында

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.