Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және «Алаш Орда» негізін қалаушы қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейханның, Ә.Ермековтың, Ж.Ақбаевтың мерейтойларына арналған «Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан» атты байқау

Сізді Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30-жылдығына және «Алаш Орда» негізін қалаушы қоғам қайраткерлері Ә.Бөкейханның, Ә.Ермековтың, Ж.Ақбаевтың мерейтойларына арналған «Алаш Орда мемлекеті және Тәуелсіз Қазақстан» атты байқауға қатысуға шақырамыз.  

Байқау Ел тәуелсіздігіне құштар, ұлт болашағы үшін жанын қиған Алаш қайраткерлерінің қоғамдық-саяси қызметіне қосқан үлесін бағалау, қазақстандық бірегейлік пен қоғамдық келісімді нығайту мен дамыту мақсатында өткізіледі.

Ұйымдастырушылар: Қарағанды ​​облысы Ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ.

Өтетін мерзімі: 2021 жылдың 25 қазаны мен 12 қарашасы аралығында.

Өтетін орны: Қарағанды ​​қаласы, Достық үйі (Шахтеров даңғылы, 64).

Жұмыс тілдері: қазақ, орыс.

Байқауға қатысушылар ретінде Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптама тобының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің, мемлекеттік органдар мен мекемелердің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, докторанттары, магистранттары мен студенттері, колледждер мен жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, қоғам қайраткерлері, ғалымдар, сарапшылар, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері шақырылады.

Байқау үш номинация бойынша өткізіледі:

– Ә.Бөкейханның, А.Ермековтың, Ж.Ақбаевтың өмірі мен еңбектерін зерттеуге арналған ғылыми жобалар байқауы. Жұмыс автордың өзіндік ұстанымын көрсету, өзіндік зерттеулермен ғылыми деректерге сүйене отырып, тексерілген фактілерді қамтуы тиіс. Көлемі: компьютерде терілген 5 беттен аспауы керек.

Бейнероликтер байқауы. Қатысушылар кем дегенде 3-5 минуттан аспайтын Ә.Бөкейхан, А.Ермеков, Ж.Ақбаев туралы сапалы бейнеролик немесе деректі фильм  дайындауы керек.

Публицистикалық мақалалар байқауы. Байқаудың барлық шарттарына сәйкес келетін Қазақстан Республикасының баспа БАҚ -тарында (газеттерде, журналдарда) немесе интернет -ресурстарда жарияланған кемінде 1500 таңбадан тұратын мақалалар мен эсселер қабылданады (мақалалардың көшірмелері, газет қиындылары).

Материалдарды бағалау критерийлері:

– материалдардың жаңалығы мен бірегейлігі;

– материалдардың әлеуметтік маңызы;

– мақсатты аудитория, мақсатты;

– көркемдік тәсіл.

Байқау жеңімпаздарын көтермелеу.

Байқау жеңімпаздары дипломдар мен ақшалай сыйлықтарға ие болады:

ғылыми жобалар байқауы: 1 орын (1 адам) – 100 000 теңге, 2 орын (2 адам) – 50 000 теңге, 3 орын (5 адам) – 30 000 теңге.

бейнероликтер байқауы: 1 орын (1 адам) – 100 000 теңге, 2 орын (2 адам) – 50 000 теңге, 3 орын (5 адам) – 30 000 теңге.

Публицистикалық мақала байқауы: 1 орын (1 адам) – 100 000 теңге, 2 орын (2 адам) – 50 000 теңге, 3 орын (5 адам) – 30 000 теңге.

Басқа елді-мекендерден келетін қатысушылардың іссапарлық шығындары (жолақысы: келуі, қайтуы), жатын орны, тамақтануы және тәуліктік шығыны) жіберетін тарап есебінен төленеді. Ұйымдастырушылар үлестірме материалдар ұсынады.

Егер Сіздің қатысқыңыз келген жағдайда, Сізден қатысушыны тіркеу үлгісін қазақ, орыс тілдерінде толтыруды сұраймыз. Тіркеу үлгісін (1 Қосымша) және байқау материалдарын 2021 жылдың 12 қарашасына дейін kelisimank@gmail.com электрондық поштасына «Конкурсқа қатысу үшін» міндетті белгісі бар жіберу керек.

Қосымша ақпаратты 8 (7212) 900309, 900329, 8-778-009-24-45, 8-701-479-96-49 телефондары бойынша алуға болады.

Сізді қызығушылық танытып, қатысқаныңыз үшін, әрі Сіздің әріптестеріңіздің ынтымақтастық танытқаны және хабардар болғаны үшін алдын ала алғыс білдіреміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған