“Оқытудың цифрлық трансформациясы: білім, ғылым, индустрия” халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

2021 жылдың 25 қазанында фармацевтикалық пәндер кафедрасының оқытушысы Айман Асылмұратқызы Байбуланова Алматы қаласы Физика, математика және цифрлық технологиялар институты базасында “Оқытудың цифрлық трансформациясы: білім, ғылым, индустрия” атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Кездесу Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналды және онлайн форматта өтті.

Конференция жұмысы 3 негізгі бағытта жүргізілді.

Конференция барысында отандық және шетелдік сарапшылар мен мамандар “Заманауи білім берудегі аралас және қашықтықтан оқыту технологиялары”, “Білім беруді цифрлық трансформациялау жағдайында оқытушыларды даярлау”, “Цифрлық трансформация жағдайындағы жаратылыстану ғылымдарының мәселелері” секцияларында пайдалы ақпаратпен бөлісті.

Конференцияның мақсаты:

Ғалымдар, оқытушылар мен мамандар арасында дағдылар алмасу, ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру және білім беру саласындағы инновациялық тәсілдерді іске асыру мәселелерін қарастыру үшін табысты алаң құру.

Конференция барысында білім беруді цифрлық трансформациялау бағыттары талқыланып, қашықтықтан оқытудың үздік тәжірибелері, кадрларды даярлаудың тұрақты жүйесін іске асыру мәселелері, сапалы білім беруді қамтамасыз ету мақсатында инновациялық білім беру технологиялары мен педагогиканы біріктіру мәселелері қаралды.

Конференцияның негізгі міндеттері:

-Білім беру ұйымдарын цифрлық трансформациялау саласында тәжірибе, дағдылар және ақпарат алмасу.

-Ғылым мен білімнің кең ауқымы үшін цифрлық трансформацияның прогрессивті тәжірибесін іске асыру және жетілдіру бойынша ұсынымдар жасау мақсатында конференция материалдарын шолу және қорыту.

Конференцияға жіберілген мақалалар негізінде және конференция қорытындысы бойынша қатысушылардың үздік жұмыстары атап өтілді және оларға сертификаттар табыс етілді, сондай-ақ материалдар жинағын басып шығару жоспарлануда. Қатысушылар конференцияны үздік ұйымдастырғаны үшін алғыстарын білдірді. Олардың ортақ пікірі бойынша, ұсынылған баяндамалар ғылыми жаңашылдығы мен практикалық маңыздылығы арқасында үлкен қызығушылық тудырды.

Follow by EmailFacebookYOUTUBEInstagram

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.