«Bolashaq» академиясы жаңа сериал түсірді

 Ел азаматтарын Covid-19 коронавирусынан қорғау  үшін президент бір айға  төтенше жағдай енгізді. Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қажет болған жағдайда, елімізде төтенше жағдай режимінің мерзімінің ұзартылуы мүмкін екенін айтты. 

«Қазақстан заңнамасына сәйкес мен елімізде төтенше жағдай енгізу туралы жарлыққа қол қойдым. Менің кешегі Жарлығыммен бүгін таңғы сағат 8.00-ден бастап Қазақстанның аумағында төтенше жағдай енгізілді. Төтенше жағдай режимі 30 тәулікке созылады. Қажет болған жағдайда режим мерзімі ұзартылуы мүмкін», – деді ел көшбасшысы телевизия арқылы жасаған үндеуінде.  

Осыған орай биылғы «Волонтер жылы» қарсаңында Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі ел жастары, студенттері, белсенділері, жұмыскерлері арасында «Біз біргеміз» челлендж-акциясын ұйымдастырды.

  Отандық әншілер де #bizbirgemiz хештегімен ән орындап, әлеуметтік желідегі парақшаларына жүктеп жатса, қоғам белсенділері түрлі онлайн тренингтер, белгілі журналистер тікелей эфирде арнайы сұхбаттар өткізіп, танымал вайнерлер елді сабырлыққа шақыру мақсатында видео-ролик түсіріп жатты.

Әр облыстың ЖОО-ры әр түрлі жанрда қызықты бейне баяндар түсірсе, «Bolashaq» академиясының Жастар ісі жөніндегі комитетінің төрағасы Мейрбек Қайырбекұлы Байшагиров Қарағанды облысының белсенділерімен бірлесе отырып #bizbirgemiz #үйдебол хештегімен екі тілде 5 сериялы жаңа «Енем келді» атты комедия сериалын түсірді.

Күлкіге толы туындының сюжеті бір отбасында болып жатқан жағдай. Вайнер, блогер, шоумен, актер Мейрбек Байшагировтың бұл сериалы әлеуметтік желіде тез таралып, мыңдаған көрсетілім жинап, көрермендер жүздеген комментарийлер қалдырып, 6 жасар баладан 60 жасқа дейінгі қариялар арасында үлкен сұранысқа ие болып, барлық волонтерлер, вайнерлер арасындағы ХИТ-шерулерде топ жарып, үздік деп танылып, жалпы рейтингте бірінші орынға шықты.

Сериалды @meirbek.bai парақшасында және youtube.com каналында көруге болады.

Әзіл, күлкі жанрындағы сериалға Қарағанды облысы КТА құрамасының ойыншылары Заңғар Әбілжанов, Мұқағали Абубакиров және блогерлер Райжан Райымқұл, Бақытгүл Ескендирова, Ю-16-2 тобының студенті Темірлан Байшагиров түсті. Екі жарым аптаға созылған түсірімді қаламыздың үздік операторлары, «Sayan Studio» жігіттері жүргізді.

Көрерменннің көзайымына айналған сериалдың 2 маусымын түсіру алдағы күндері карантин біткенше жоспарлануда.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.