«ЕКІ ЖҰЛДЫЗ  – 2022»

15 наурызда “Bolashaq” академиясында Жастар ісі жөніндегі комитет Қарағанды облысының студенттері мен танымал әншілері арасында жыл сайынғы дәстүрлі “ЕКІ ЖҰЛДЫЗ-2022″ эстрадалық – вокалдық шоу жобасын ұйымдастырды . Аталған іс-шара ” ЕКІ ЖҰЛДЫЗ “жобасының 12 жылдығына орайластырылған! Екі жұлдыздың бірінші маусымы шыққаннан бері 12 жылға жуық уақыт өтті. Бұл жоба Академия оқытушылары мен студенттері үшін ғана емес, жалпы біздің қала үшін де маңызды болды. Ал оның табысты түлектерінің тізімі шексіз: Арайлым Жүкенова, Дархан Мерсалимов, Жансая Жүнісова, Әлия Терликова және т.б.

ЕКІ ЖҰЛДЫЗ – 2022″ байқауында 8 жұп өзара жарысты.

ЖұптарАты-жөніАқпарат
1 жұп  Маженов Еламан  Тәттімбет атындағы өнер колледжінің түлегі, Қазақ Ұлттық өнер университетінің студенті, облыстық «Жас қанат-2018» шоу бағдарлама жүргізуші мен эстрадалық ән байқауының гран-при иегері
 Оңдасынова Мадина«Қазақстан даусы» теле-жобасының қатысушысы, «Bolashaq» академиясы студенттері арасындағы жыл сайынғы, дәстүрлі түрде өтетін «ДЕБЮТ-2021» байқауының «Эстрадалық ән» номинациясында І орын иегері.
Ю-19-2
2 жұпҚұрманбек Ғалымжан2019 жылғы Қарағанды университеттері арасындағы «Жас талап» ән байқауының 2 орын иегері. 2020 жылғы университет арасындағы «Ең үздік гитарист» номинациясының иегері. «Мен өз елімнің патриотымын» тақырыбында патриоттық және әскери-патриоттық әндер байқауында 1 орын иегері және «Үміт» номинациясының жүлдегері.
 Қайыржанова ПеризатЖаңаарқа аудандық Балалар өнер мектебінің түлегі, “Bolashaq” академиясында жыл сайынғы дәстүрлі өтетін “Дебют-2020/2021” байқауының “Instrumental music” номинациясының жүлдегері, Ахмет Байтұрсынұлының-150 жылдығына орай “Ұлттың ұлы ұстазы” мәнерлеп өлең оқу сайысының 2 орын иегері.
Фм-20-2
3 жұпҚұлжанбеков АйдынТәттімбет атындағы өнер колледжінің «Классикалық вокал» бөлімінің түлегі. Облыстық «Жас қанат-2010» шоу бағдарлама жүргізуші мен эстрадалық ән байқауының лауреаты, «Көрермен көзайымы» номинациясының иегері. «Айберен» квартетінің экс-мүшесі.
 Асанова Мадина«Bolashaq» академиясы студенттері арасындағы жыл сайынғы, дәстүрлі түрде өтетін«ДЕБЮТ-2018» байқауының «Хореография» номинациясында І орын иегері. Халықаралық студенттер одағының жүлдегері. «Мисс и Мистер «Bolashaq-2019» байқауының «Мисс Хозяюшка» номинациясының иегері.  «Екі жұлдыз-2021» жобасының 2 орын иегері.
Фм-18-2
    4 жұп    Дүйсенбин Шырақбек    Жүсіпбек Елебеков атындағы республикалық эстрада-цирк колледжінің түлегі. ІІІ Республикалық «Жібек жолы» эстрадалық әншілер байқауының ІІІ орын иегері. Теміржол мәдениет сарайының солисі.
 Усербаева ЖанаргүлНұра аудандық 16 желтоқсан мерекесіне орай «Менің Қазақстаным» атты  сайысының бас жүлде иегері. «Burabai summer fest» байқауының 3 орын иегері. «Сарыарқа Дарыны» 2019 жылғы өткізілген футзалдан «Теңбіл доп» облыстық жарысының 1орын иегері. «ТОО Шахтер» атында «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 30жыл» мерекесіне орай волейболдан 2 орын иегері. Ю-21-2
5 жұпКудайбергенова Арайлым 
 Құттымұратов Ерасыл«Bolashaq» академиясы студенттері арасында жыл сайынғы дәстүрлі түрде өткен «Mister&Miss «Bolashaq-2021» байқауының «Vice Mister» номинациясының иегері.
 Ин-21-2к.
6 жұпАманкелді ЖасұланҚарағанды гуманитарлық колледжінің музыка бөлімінің түлегі. Композитор, аранжирлеуші, әнші.
 Қанапия ӘлияОблыстық Абай окуларының ән багыты бойынша бас жүлде иегері. Облыстық Абай окуларының өлең бағыты бойынша 1  орын иегері. Ақ көгершін – Алматы 2016 байқауының 2 орын иегері. 2019 жылғы КарГУ Жас ақындар сайысының 1 орын иегері. Ю-19-2
7 жұпБейсенбаева ӘсемШахтинск қаласы Кеншілер мәдениет сарайының мәдени бұқаралық бөлім басшысы, 2020 ж Халықаралық «Alash star» өнер байқауына үздік шәкірт дайындаған үшін «ҮЗДІК ЖЕТЕКШІ» дипломымен марапатталды.
 Қайыртай Әсем2021 ж. Облыстық «Абай оқуларының» бас жүлде иегері. Облыстық баскетбол жарысынан «мықты шабандоз» номинациясының иегері. К-21-1
8 жұпӘйгерім БисимбаеваЖезқазған өнер колледжінің түлегі, «Тұлға» Халықаралық конкурсының гран-при жүлдегері (2017), Жас-Қанат байқауының жеңімпазы (2015).
«Ақ маңдайлым», «Арманым менің» «Мұң сыйламашы жаным» әндерінің авторы
 Әбдірейім Қанағат2017 жж. бокстан Қарағанды облысының чемпионы;
2018 жылы Приозерзк каласының дебаттан ең үздік спикері;
 2020 ж.  Абайдың кара сөз оқуларынан облыстық жарыстың 2 орын иегері.
К-20-1

Қазылар алқасы өз таңдауын жасады және нәтижесі төмендегідей:

ГРАН-ПРИ – Аманкелді Жасұлан / Қанапия Әлия (Ю-19-2)

І орын – Еламан Маженов / Оңдасынова Мадина (Ю-19-2)

ІІ орын – Құрманбек Ғалымжан / Қайыржанова Перизат (ФМ-20-2)

ІІІ орын – Кудайбергенова Арайлым / Құттымұратов Ерасыл (ИН-21-2К)

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.