“Men ómirdi tańdaımyn” ТикТок роликтер конкурсы

?Достар, біз ТикТок роликтер конкурсын жариялаймыз!

Достар, біз Tik Tok бейне байқауын жариялаймыз!
Байқау жастар арасында синтетикалық есірткіні қолданудан туындайтын жағымсыз құбылыстарға тұрақты теріс көзқарасты нығайтуға ықпал ету мақсатында өткізіледі.

??Байқаудың ұйымдастырушысы «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ қолдауымен «BIZ BIRGEMIZ» Жастар лигасы» ҚБ болып табылады. Байқаудың серіктестері Қарағанды облысындағы «Ассамблея жастары» РҚБ Өкілдігі, «Қарағанды облысының Азаматтық альянсы» ЗТБ, Қарағанды облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы болып табылады.

1️⃣Байқауды өткізу мерзімі: 2022 жылғы 15 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.
2️⃣Байқауға қатысуға тіркеу өтінімдерін қабылдау мерзімі: 2022 жылғы 17 тамыздан 15 қыркүйекке дейін.
3️⃣Байқау комиссиясының отырысын өткізу мерзімі: 16 қыркүйектен 20 қыркүйекке дейін.
4️⃣Жеңімпаздарды жариялау мерзімі, марапаттау рәсімі және өтетін орны қосымша хабарланатын болады.

?орын – 75000тг.
?орын – 50000тг.
?орын – 25000тг.


Барлық ақпарат бізде Taplink және сайтта jastary.kz /jas_ligasy.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.