Студенттер үйіндегі кездесу

1-2 қыркүйекте “Bolashaq” академиясының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Исмаилова Райхан Налжигитовна мен Академия дәрігері Куур Светлана Геральдовна студенттер үйінде тұратын студенттермен кездесу өткізді.

Студенттерге жатақханада тұру тәртібі, оқу орнының ішкі тәртібі таныстырылды, академия қабырғасында және одан тыс жерлерде қоғамдық тәртіпті сақтаудың, өрт қауіпсіздігі мен қауіпсіздік техникасының маңыздылығы туралы айтылды.
Өз кезегінде Светлана Геральдовна гигиена мен санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтау үнемі үлкен және белсенді ұжымда жүрген студенттер үшін басты міндет екенін атап өтті және барлығын кеңестерге құлақ асуға шақырды.

Студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жатақханада тұру жағдайларын жақсартуға байланысты ұсыныстар мен өтініштерге ұтымды жауаптар алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.