Философия – ойлау мәдениетінің рухани тұғыры

«Bolashag» Академиясының ректоры, философия докторы Қ.Б. Адановтың атына Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім минстрлігі Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтынан ф.ғ.к. қауымдастырылған профессор Ф.Ф. Саттарованы IV-ші Қазақстандық философиялық конгреске шақыру хаты жолданды. Академия тұрғысынан іс-сапарға сәттілік және қолдау жасалды. Философиялық ынтымақтастыққа рақмет! Алматы қаласында екі ғылыми форум өткізілді.

2026 жылы 6 қарашада Қазақстан Республикасы Ғылым және білім министрлігі мен Әл Фараби атындағы ұлттық университеті Алматы қаласында өткізген Фараби-2026 «Философия Ізгілік Болашақ» атты халықаралық симпозиум болды. Бұл симпозиумның негізгі мақсаты-Әбу Насыр әл-Фарабидің философиялық және мәдени мұрасын қазіргі өркениеттің сын-қатерлер контекстінде зерделеу, оның идеяларының бүгінгі күндегі өзектілігін ашу, сондай-ақ жаһандық  гуманитарлық және философиялық талдауды  дамытуға бағытталған тұрақты халықаралық зияткерлік алаңын қалыптастыру.

2026 жылдың 7 қарашасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі  Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтында «Қазақстан қоғамының  философиясы : құндылықтық бағдарлар және даму перспективалары» атты IV-ші  Қазақстандық философиялық конгресс аясында «Философиялық ойлау мәдениеті және оның білім беру жүйесіндегі орны» тақырыбында 1-ші сессия жұмысын жүргізді. Сессия модераторы – Философия,саясаттану және дінтану институтының  бас ғылыми қызметкері Гүлнар Қоянбаева болды. Сессия барысында философиялық ойлау мәдениетін  қалыптастыру, философиялық білімнің білім беру жүйесіндегі рөлі мен оның қазіргі білім беру үдерісіндегі  маңызына қатысты мәселелер қарастырылды.

«Bolashag» Академиясының философ-ғалымы Ф.Ф.Саттарова сессияда «Философия-ойлау мәдениетінің рухани тұғыры» деген тақырып бойынша баяндама жасады. Философиялық ойлаудың сыни пайымдау қабілетін дамытудағы, дүниетанымды қалыптастырудағы және білім алушылардың зияткерлік әуелетін арттырудағы рөліне назар аударды.

Сонымен қатар автор философия тек ЖОО-дағы пән ретінде ғана емес, информациондық  технология, жасанды интеллект  заманында антропологиялық тұрғыдан алғанда әрбір адамның философиялық өмірлік ұстанымына айналуының әлеуметтік-рухани қажеттілігі бар екендігін айтты. Сонымен қатар жастарды өз бетінше ойлауға, қоғамдық құбылыстарды таңдауға, танымдық-субъектілік шығармашылыққа, түрлі көзқарастарды саралауға үйренудің маңызына тоқталды. Сессияда проблемаларды талдау барысында философияны оқытудың қазіргі тәсілдері, білім беру мазмұнындағы гуманитарлық білімнің орны және философиялық ойлау дағдыларын дамыту мәселелері де қозғалды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.