«Заң мен тәртіп» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары

2026 жылдың 10 қарашасында «Bolashaq» Академиясында студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатында «Заң мен тәртіп» сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жолдары бойынша кездесуі өтті.

Кездесуге Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпараттық-түсіндіру тобының өкілі Ахметова Ботагөз Телманқызы қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, академиялық адалдық және жастардың құқықтық жауапкершілігі мәселелері қозғалды. Студенттерге қоғамда заң үстемдігін нығайту мен сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік қағидатын қалыптастырудың маңыздылығы түсіндірілді.

Мұндай кездесулер жастардың құқықтық санасын жетілдіруге, азаматтық жауапкершілігін арттыруға және адалдық пен әділдік құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.