Мектеп түлектеріне кәсіптік бағдар беру кездесуі

2022 жылдың 11 наурызында “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” кафедрасының аға оқытушылары Нуркенова Г.К. және Бакарамова С.А. Қарағанды қ. “Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия” КММ жұмысына қатысты (https://kargoo.kz/index/fromorg/40) ZOOM платформасында 11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Кездесудің мақсаты оқушыларға болашақ мамандығы туралы бағыт беру, “Bolashaq”академиясы туралы толық ақпарат беру болды. Кездесу барысында академияның кәсіптік бағдар беру жұмысы жөніндегі жауапты хатшысы А.Б. Қосманова оқушылар тарапынан қызығушылық тудырған бірқатар сұрақтарға жауап берді.

“Ахмет Байтұрсынов атындағы мектеп-гимназия” КММ педагог-психологы, біздің академияның ең үздік түлектерінің бірі Мескен Ләйлім Нұрланқызы осы кездесуді ұйымдастыруға белсене қатысты. Қызықты, ақпараттық кездесудің соңында біздің академияның оқытушылары оқушыларға алдағы ҰБТ-да табыс тіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.