Біздің студенттер – үздік!

3-11 желтоқсан аралығында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен және “Sanaly urpaq” республикалық жобалық кеңсесімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Жоғары оқу орындарының студенттері арасында Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық негіздері” пәні бойынша республикалық оп-line олимпиадасын өткізді.

Олимпиада студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын тәрбиелеу, парасаттылықты қалыптастыру және дамыту, сондай-ақ ең дарынды және талантты студенттерді іріктеу және қолдау мақсатында өткізілді.

Регламент бойынша олимпиада екі турдан тұрды.

Бірінші іріктеу турында қатысушылар тестілеуден өтті.

Екінші турда қатысушылар “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың негізі ретінде парасаттылық қағидаттарын қалыптастыру және дамыту” тақырыбына ғылыми жобалардың бейнефайлдарын ұсынды.

Олимпиада қорытындысы бойынша Ю-20-1 тобының студенті Свечников Александр “Шығармашылық көзқарасы үшін” номинациясында жеңімпаз атанды.

Заң пәндері кафедрасының ұжымы Александрды жеңісімен құттықтап, оған жаңа жетістіктер тілейді!

Жумжумаев Н.С., “Әділет” студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.