Кәсіптік бағдар жұмысын өткіздік!

2023 жылдың 6 сәуірінде Академияның оқытушылары: Сиволобова О.А. (Фармация пәндерінің кафедрасы), Мекадилова С.К. (Педагогика кафедрасы), Касетова Н.К. (Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы), Тайлақ А.Е. (Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы), Куанышева С.Н. (Құқықтық және қаржылық пәндер кафедрасы), Макажанова Г.Б. (Жалпы білім беру пәндері кафедрасы) Теміртау қаласындағы алты мектепте кәсіптік бағдар жұмыстарын өткізді. ЖББ №2, 4, 8, 10, 21, Ғабиден Мұстафин атындағы мектептеріндегі 10, 11 сынып оқушыларына Академиядағы оқу процессі жөнінде толық ақпарат берді.

Оқытушылар мектеп түлектерінің “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламалары, оқу ақысы жайында туындаған сан түрлі сауалдарына жауап беріп, ақпарат парақшаларын үлестірді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.