“Ғылымдағы жастар: даму мәселелері мен болашағы” тақырыбындағы дөңгелек үстел

2022 жылдың 2 қарашасында Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінде “Ғылымдағы жастар: даму мәселелері мен болашағы” тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстел модераторлары: магистр, аға оқытушы Е. С. Абиев және phD философия докторы, аға оқытушы А. М. Тынгишева болды.

Дөңгелек үстелдің мақсаты: жастар ғылымын жаңа жағдайда дамыту мәселелерін талқылау

Дөңгелек үстелдің міндеттері:

-ғылыми байланыстарды кеңейту және шығармашылық әлеуетті дамыту үшін студенттер мен жас ғалымдарды тарту

-ғылыми-зерттеу қызметі, бизнес және мемлекеттік құрылымдар арасындағы байланыстарды кеңейту және тереңдету

-жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін қолдау мәселелерін айқындау

-жастардың ғылыми қызметін насихаттау

Дөңгелек үстел барысында профессор – оқытушылар құрамы мен студенттер жастар ғылымын дамыту мәселелерімен байланысты баяндамалар жасады. Баяндамалар келесі тақырыптарда болды: “Ғылым мен технология заманауи өркениетті қалыптастырады”,” Қазақстандағы технологиялық стартаптарды қолдау”,” Ғылымды дамытудың заманауи трендтер”, Экономиканы дамытудағы адами капиталдың рөлі”, “Тұрақты даму мақсаттарын іске асырудағы университеттік ғылымның рөлі ” және т.б.

Іс-шараға қатысқан спикерлер:

Сертификатталған жаттықтырушы (Erickson College Coaching International, Канада, Ванкувер), “Проф-Диалог” ресми өкілі, философия докторы (PhD)6, Тасболатова Б.К.

“Bolashaq” академиясының жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, оқытушы, педагогика ғылымдарының магистрі Тажинин А.М.

Академиялық даму департаменті директорының орынбасары, э.ғ.к., профессор Калкабаева Г.М.

NURIS, MBA Назарбаев Университетінің инновациялық кластері бизнес-инкубаторының басшысы А. А. Упашова

Ғ. Дәукеев атындағы Алматы энергетика және байланыс университеті, магистр Калабаева Айдана Ерғалиевна

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы, жас ғалымдар кеңесінің төрағасы, полиция капитандары, магистр Құлынтай Монай

Қазақстан Республикасы ІІМ Б. Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы жас ғалымдар кеңесі төрағасының орынбасарлары, магистр Туткушев Арман Есенгелдіұлы

Академиялық даму департаменті директорының орынбасары, э. ғ. к., профессор Қалқабаева Гаухар Мұратқызы

Мемлекеттік сатып алу бойынша сарапшы, PhD Копжасарова Гаухар Амангелдиевна

Қазтұтынуодағы Қарағанды университеті, магистр, “Экономикалық қатынастарды құқықтық реттеу” кафедрасының аға оқытушысы Сарбасов Бегзат Атаркулович

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Узахова Бибінұр Аманкелдіқызы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Кутжанова Диана Тимуровна

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Қалысова Гүлназ Сағадолайқызы

Қазтұтынуодағы Қарағанды университетінің студенті Ертісбаева Аружан Алмасқызы

Баяндамалар мазмұнды, ғылыми негізделген, дәйекті болды, студенттер мен ПОҚ баяндамашыларға сұрақтар қойды. Жалпы дөңгелек үстел өте қызықты болды, жастар ғылымын дамытудың өзекті мәселелерін қамтыды. Модераторлар: магистр, аға оқытушы Е. С. Абиев және PhD философия докторы, аға оқытушы А. М. Тынгишева қатысушылардың барлығына дөңгелек үстелге белсенді қатысқандары үшін алғыс білдірді.

Іс-шара соңында дөңгелек үстелге қатысушыларға сертификаттар табысталды

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.