“Мамандықтармен танысайық” тақырыбында әңгіме өткізу

06.04.23 ж. Педагогика кафедрасының оқытушылары Шалтаева Р. Ж., Жанысбаева Р. М. және ДОВ-20-2 тобының студенті Әбіш Толғанай “Айгөлек” КМҚК педагогтар ұжымымен кездесу өткізді.

Оқытушылар мектепке дейінгі ұйым педагогтеріне “Bolashaq” Академиясының білім беру бағдарламалары туралы, профессор-оқытушылар құрамы туралы, ЖОО-ға түсу шарттары туралы, төлемақы, стипендия туралы, түлектердің жұмысқа орналасуы туралы ақпарат берді. “Bolashaq” Академиясының ғылым және білім саласындағы жетістіктері, жетекші жоғары оқу орындарымен халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруы, сондай-ақ дуальды білім беруді жүзеге асыруы туралы толық ақпарат берілді. Қазақстан Республикасының білім мен ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Академияда құзыретті және бәсекеге қабілетті мамандарды кәсіби даярлауды және білім мен ғылымды интеграциялауды қамтамасыз ету бойынша мақсатты жұмыс жүргізілуде.

П.ғ. к., доцент Р. Ж. Шалтаева және “Педагогика” кафедрасының аға оқытушысы Р. М. Жанысбаева “Айгөлек” балабақша тәрбиешілерімен 6В01201- “Bolashaq” Академиясының “Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу” білім беру бағдарламасын оқытудың ерекшеліктері туралы жүйелі әңгіме өткізді.

Жалпы, жүргізілген кәсіптік бағдар беру жұмысын қорытындылай келе, “Айгөлек” бөбекжай ұжымы “Bolashaq” Академиясының ЖМ бакалавриат және магистратура білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері мен оқыту шарттарына қызығушылық танытты деген қорытынды жасауға болады.

Кафедра доценті Шалтаева Р. Ж.

Аға оқытушы Жанысбаева Р. М.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.