“Ұлы Даланың ұлы ұлдары” конференциясы туралы ақпарат

2022 жылдың 4 наурызында Қарағанды қаласының білім бөлімі мен “№9 Гимназия” КММ ұйымдастыруымен TEDx форматында “Ұлы даланың ұлы ұлдары”атты зерттеу жұмыстарының жыл сайынғы қалалық конференциясы өтті.

Өткенсіз қазіргі жоқ, бүгінсіз болашақ жоқ. Сондықтан кез келген оқу орнының басты міндеттерінің бірі өз Отанының патриоттарын, өз халқының тағдырына немқұрайлы қарамайтын, өз мемлекетінің, өз халқының тарихын білетін және құрметтейтін жауапты азаматтарды тәрбиелеу болып табылады.

Конференция қатысушыларын “№9 Гимназия” КММ директоры С. Н. Бартош, білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісінің м.а. Е.В. Лаверженцева, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.И. Хван игі тілекпенқарсы алды.

Конференция қонақтары – “Bolashaq” академиясының психология, педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі кафедрасының доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Абилкасимова Г.К., тарих ғылымдарының кандидаты, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетінің археология, этнология, отан тарихы кафедрасының доценті Мырзахметова А. Ж.

Конференцияға Қарағанды қаласының оқушылары мен мұғалімдері қатысты, Қазақстанның танымал тұлғаларының шығармашылық мұрасын зерттеуге, олардың қызметі мен шығармашылығының біздің мемлекетіміздің тәуелсіздік идеяларының қалыптасуына әсер етуіне бағытталған жұмыстар ұсынылды. Конференцияға қатысушылар таңдалған тақырыптарды тереңдете зерттеп, қызықты түрде таныстырды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.