Волонтерлер Қарттар үйіне барып қайтты

Республикамызда жыл сайын атап өтетін Қарттар күні мерекесіне орай «Bolashaq» Академиясы волонтерлер ұйымы 2 қазан күні арнайы «Қарттар үйіне» барып қайтты. Қарияларымызды рухани және материалдық қолдау мақсатында концерттік бағдарлама сондай-ақ, сый – сыяпат көрсетіп қариялардың ыстық ықыласына бөленді. Жастар қариялармен сөйлесті, сырласты, көңілде жүрген айтар ойларын тыңдады және өз өнерлерін ортаға салды.

Кеш жүргізушілері: Жұрағат Аймарал (К-20-), Науменко Полина (ИН-23-1).
Өнерлі жастарымыз – Алматұлы Ақжол (К-22-1), Хағазбай Ұлжан (Ин-22-2), Ошакбаева Дана (ПМНО-22-2), Сүлейменова Нұргүл (ПИП-22-2) қарттарымыздың көңілдеріне қуаныш сыйлады.

Іс-шараға ЖІК, Академия ұжымы оның ішінде, «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының ұстаздары мен студенттері ат салысты.Осы кешті ұйымдастыруға қол ұшын берген Қарттар үйі мекемесі әкімшілігіне алғыс білдіреміз!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.