Шет тілдер МК кафедрасының диплом алды практикасы бойынша бекіту конференциясы

Жоғары оқу орындарының түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесінің табысты шешілуі олардың оқу кезеңінде практикалық жұмыс дағдыларын игеруімен үздіксіз байланысты. Осыған байланысты теориялық оқытудың практикалық дайындықпен үйлесуі мамандарды даярлау сапасын арттырудың міндетті шарты болып табылады.

Студенттердің диплом алдындағы практикасы білім беру процесінің соңғы бөлігі болып табылады және студенттердің алдыңғы бүкіл оқу процесінде алған білімдері мен дағдыларын бекіту мен тереңдетуге, сондай-ақ алған мамандығы бойынша кәсіби дағдылар мен біліктілігі жүйесін және кәсіби қызмет тәжірибесін игеруге бағытталған.

2020 жылдың 20 қарашасында Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы Zoom платформасында диплом алдындағы практика бойынша бекіту конференциясын өткізді.

ЖОО-ның академиялық саясатына және 2020-2021 оқу жылына арналған академиялық күнтізбеге сәйкес 2020 жылғы 23 қараша мен 4 желтоқсан аралығында 6В01702 “Шетел тілі: екі шет тілі” білім беру бағдарламасының сырттай қысқартылған оқу нысанының студенттері диплом алдындағы практикаға жіберіледі. Практиканың ұзақтығы жоспар бойынша кредиттер санына сәйкес келеді және 2 аптаны құрайды.

Диплом алдындағы практика теориялық білімді практикалық біліммен бекітуге; бакалаврдың өз бетінше еңбек қызметіне кәсіби дайындығын тексеруге; білім алушының практикалық тәжірибесін тереңдетуге, жалпы және кәсіби құзыреттілігін дамытуға, бітіруші біліктілік жұмысын орындауға дайындыққа бағытталған.

Конференцияны практика жетекшісі кафедраның аға оқытушысы Рахимбаева Баян Турабековна өткізді. Конференцияға зИН-18-1к,3к топтарының студенттері қатысты. шақырылғандардың ішінен студенттердің дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшілері (практиканың топ жетекшілері), Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының оқытушылары Калижанова А. Н. және Бегахметова Б. К. қатысты.

Конференция барысында студенттер практиканың міндеттерімен және бағдарламасымен таныстырылды. Жетекшілік ететін оқытушылар мен студенттерге практиканы ұйымдастыру бойынша барлық қажетті құжаттар мен әдістемелік ұсынымдар берілді.

Практика басталғанға дейін студенттерді практикадан өтуге жіберу туралы бұйрық шығарылды және кафедрадан практиканың топтық жетекшілері тағайындалды. Сондай-ақ студенттердің деректерімен бұйрыққа ұсыным ресімделді, олар базалық білім беру мекемелеріне: “Н.В. Гоголь атындағы Қарағанды облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы” КММ және Қарағанды қаласының “№45 Гимназия” КММ-не жіберілді, онда олар бітіру жұмысының тақырыбына байланысты материалдарды зерттеу мүмкіндігіне ие болады. Практиканың топтық жетекшілері болып студенттердің дипломдық жұмыстарының ғылыми жетекшілері тағайындалды.

Диплом алдындағы практикадан өту екі кезеңнен тұрады: біріншісі – зерттеу жұмыстарын жоспарлау және орындау, екіншісі – алынған ақпаратты өңдеу және талдау және бітіру жұмысын алдын-ала қорғауға дайындау. Бағдарлама бойынша дипломалды практика аяқталғаннан кейін қорытынды конференция өткізу көзделмеген.

Практиканы меңгеру нәтижесінде студент-практиканттар топтық басшылар өткізетін сараланған сынақ нысанында аралық аттестаттаудан өтеді. Құзіреттіліктің қалыптасу деңгейін бағалау жұмыстың теориялық бөлігін толық қамту және зерттеудің практикалық нәтижелерінің сенімділігі негізінде анықталады. Бағалау рәсімі бакалаврдың бітіру біліктілік жұмысын алдын ала қорғау нәтижелері бойынша жүргізіледі.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.