“Bolashaq” Академиясының барлық білім беру бағдарламаларының студенттеріне арналған білім беру дәрісханасы

2020 жылдың 13 қазанында “Bolashaq” академиясының Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасы “Руханият” ҒЗО-мен бірлесіп “Жаңа гуманитарлық білім. “Рухани Жаңғыру” мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”жобасына байланысты Стивен Пинкердің “Тіл -инстинкт” кітабын талқылаудан өткізді. Стивен Пинкер-Филология және когнитивтік ғылымдар саласындағы ең озық авторлардың бірі, Гарвард университетінің профессоры. Оның басқа да : “Сөздер мен ережелер” Тілдің құрамдас бөліктері”, ” Ми қалай жұмыс істейді?”, “Ойлаудың мәні, “Тіл адам табиғатына терезе ретінде” секілді әйгілі кітаптары жарық көрген. Білім беру саласындағы еңбектері мен ғылыми-зерттеу жұмыстары үшін бірнеше маңызды сыйлықтармен марапатталған. Сондай-ақ, оның жазбалары мезгіл-мезгіл the New York Times, Time, New Republic басылымдарында жарияланып тұрады.

“Тіл инстинкт ретінде” еңбегі үшін американдық психологиялық қауымдастық пен американдық лингвистикалық ұйым сыйлығы берілді.

Бұл классикалық жұмыс сана туралы сұрақтарға жауап береді. Зерттеуші тіл мен сананың байланысы, тілдің қалай қызмет ететіні, баланың тілді қалай үйренетіні және қорытынды жасайтыны туралы соңғы жетістіктер мен жаңалықтар туралы мысалдар келтіре айтады. Бұл оқулық тек университет студенттеріне ғана емес, сонымен қатар тіл білімі мен психологияға қызығушылық танытушыларға да арналған.Дәрісхананың мақсаты: үздік әлемдік үлгілердегі гуманитарлық білім бағыттары бойынша мемлекеттік тілде студенттердің білім алуына жағдай жасау.

Міндеттері:

1. Студенттердің кәсіби дағдыларын арттыруға және гуманитарлық пәндер бойынша білім көкжиегін кеңейтуге ықпал ету

2. Электрондық ресурстармен студент жастардың тұрақты жұмысын ұйымдастыру:

– https://ruh.kz

– https://100kitap.kz

– https://openedu.ru/

“Bolashaq” академиясы сайтының “Кітапхана” бөлімі курстардан өту үшін – білімді жүйелеу және жаңарту үшін жабдықталған.

  1. Заманауи ақпараттық орта жағдайында тұлғаның оқырман мәдениетін дамыту.

“Руханият” ҒЗО-ның директоры А.У. Аупенова “Жаңа гуманитарлық білім. “Рухани Жаңғыру” “мемлекеттік бағдарламасы аясында “Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық”жобасы жүзеге асырылуда екендігі туралы баяндады.

Шет тілдер және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының аға оқытушысы А. Н.Қалижанова мәдениетаралық қарым-қатынастағы тілдің рөліне назар аударды.

“Philology Island” әдеби клубының жетекшісі А.К. Хомутова үйірме аясында өткізілетін іс-шаралар туралы хабарлады.

Оқу дәрісханасының қатысушылары Стивен Пинкердің “Тіл инстинкт ретінде” кітабын талқылауға белсене қатысып, келесі сұрақтарға жауап берді:

– Сіз оқу құралына қандай білімдерді енгізу керек деп ойлайсыз?

-Сізге ең ұнаған оқулықтарды атай аласыз ба?

-Оқулықтарды қолдану тәжірибесіне сүйене отырып, олардың күшті және әлсіз жақтарын атаңыз?

-Қазіргі оқулықтардан не көргіңіз келеді?

-“Тіл инстинкт ретінде” оқулығымен танысып, алдымен не нәрсеге назар аудардыңыз?

-“Тіл”ұғымы Сіз үшін нені білдіреді?

-Сіз өз өміріңізде тілге қандай орын бересіз?

-Автор осы оқулықта қандай мәселені көтерді?

– “Тіл инстинкт ретінде” оқулығы Сізге қандай ой салды?

Осы сұрақтар шеңбері кездесуге қатысушылар арасында қызу пікірталас тудырды. Бұл талқылаудың берілген бағыты оқытушылар үшін де, студент жастар үшін де өзекті траектория болып табылатындығы – осының дәлелі. Қатысушылардың әрқайсысы оқулықтардан білім алудың күшті және әлсіз жақтарын атай отырып, өзінің жеке тәжірибесімен бөлісті.

“Тіл инстинкт ретінде” оқулығымен электронды форматта мына сілтеме бойынша танысуға болады: https://openu.kz/ru/book/til-instinkt

“Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация ” кафедрасы

“Руханият ” ғылыми-зерттеу орталығы

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.