АҚ ЖОЛ ТІЛЕЙМІЗ!

1 қыркүйекте Білім күніне арналған салтанатты жиын өтті.

Академия ректорының м.а. Г. М. Рысмағамбетова бірінші курс студенттерін өмірдегі жаңа кезеңдерімен құттықтай отырып, студенттерге Академияның өткен жолындағы жетістіктері, оның даму перспективалары туралы айтып берді.

Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бекжанова Сәуле Бектасқызы, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректор Қадырова Гүлжан Әділқызы, Әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Исмайлова Райхан Налжигитқызы құттықтау сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.

Жиналыс соңында барлық қатысушыларға дәстүрлі түрде балмұздақ түріндегі тәтті сыйлықтар мен брендтелген өнімдер, атап айтқанда Академия логотипі бар футболкалар табыс етілді.

Содан кейін жеке аудиторияда әр топпен Moodle және Platonus платформаларында жұмыс істеу бойынша оқыту семинары өткізілді. Студенттер платформалармен жұмыс істеу бойынша нұсқаулықтардың мәтіндік нұсқасын, сондай-ақ парольдер мен логиндерді алды.

Бірінші курс студенттері оқу орнымен танысуды Академия аудиторияларында жалғастырды, онда эдвайзерлер мен кафедра меңгерушілері студенттерді оқытудың кредиттік технологиясымен таныстырды.

https://cloud.mail.ru/public/TDhK/NFfhA93Ed

“Bolashaq” академиясы сіздерді оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтайды! Барлықтарыңызға шығармашылық табыс, жеңіс, білімге деген өшпес құштарлық тілейміз! Ақ жол бәріңізге!

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.