Украинадағы әріптестерінің Академияға алғысы

“Bolashaq” академиясының ректоры, профессор Қ. Н. Меңлібаевтың атына Хорта ұлттық академиясының ректоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор В. Нечипоренкодан алғыс хат келді.

Біздің әріптестеріміз 2020 жылғы 1-2 қазанда арнайы педагогика және психология бойынша өткен “Ерекше балалар: білім беру және әлеуметтену” алтыншы халықаралық конгресске біздің Академиямыздағы әріптестеріміздің қатысуына ықпал еткені үшін алғыс білдіреді.

Конгреске”Bolashaq” академиясының профессорлық–оқытушылық құрамы, Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының оқытушылары Н.И. Храпченкова, Г. Т. Таликова, Р. М. Жанысбаева, С. А. Бакарамова, Қ.А.Сарбасова белсене қатысты.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.