Студенттердің ҒЗЖ: ағылшын тілін оқытуда комикстерді қолдану

Шет тілдері және мәдениетаралық коммуникация кафедрасының студенттері өздерінің дипломдық жобаларымен онлайн режимде белсенді жұмыс жүргізуде.

2020 жылдың 21 қазанында ИН-17-1 тобының студенті Туракова Мадина “№ 45 Гимназия” КММ-нің 5а, 5б, 5в сынып оқушылары үшін, негізгі мақсаты тақырыпты жақсы меңгеру және есте сақтау үшін комикстерді оқу негізінде грамматиканы түсіндіру болып табылатын “Comparative adjectives” (салыстырмалы дәреже) грамматикалық тақырыбына алғашқы сабақтар өткізді.

2020 жылдың қыркүйек айының басында жүргізілген сауалнамаға сүйене отырып, студенттер комикстердің ең танымал және сүйікті кейіпкері ретінде Өрмекші Адамды атады, сондықтан алғашқы комикс осы кейіпкердің тарихынан кішкене үзіндіге арналды. Бұл комикс сын есімдердің салыстырмалы дәрежесін Өрмекші-Адамды, дәлірек айтсақ, 16 жасар Питер Паркерді радиоактивті паук шағып алғанға дейін және одан кейін салыстыру арқылы түсінуді жеңілдетті.

Сабақ өткен тақырыпты тексеру үшін шағын жаттығудан басталды, атап айтқанда: “жануарлар”санатындағы сөздерді зерттеу. Бұдан кейін грамматиканың кіріспе бөлімі – салыстырмалы дәрежені қолданудың маңыздылығын түсіндіру жалғасты.

Осыдан кейін бесінші сынып оқушылары комиксті оқуға көшті, онда олар Питер Паркердің қаншалықты өзгергенін, жоғары қабілеттілікке ие болғанын көрді. Сабақ соңында оқушылар Өрмекші – Адамды басқа сүйікті кейіпкерлермен салыстыра отырып, грамматиканы бекітті.

Сабақтар 5-сынып оқушыларының белсенді қатысуымен өте қызықты және нәтижелі өтті, оған Туракова Мадина жасаған жарқын комикстерді қолдану ықпал етті.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.