“Нашақорлық – барлығының қасіреті” тақырыбындағы кураторлық сағат

2024 жылдың 22 ақпанында “Нашақорлық – барлығының қасіреті” тақырыбында пікірталас түріндегі кураторлық сағат өтті. Аталған кураторлық сағатқа аға эдвайзер М. К. Абдрешеваның жетекшілігімен Ин-22-1,2 Шет тілі: екі шет тілі ББ тобының студенттері қатысты.

Мақсаты: студенттердің есірткіге деген теріс көзқарасын дамыту, өмірдің ғажайып екенін түсінуге көмектесу, салауатты өмір салтын насихаттау.

Пікірталас қызу мәселелерден басталды.

– Біз бәріміз бір-бірімізден ерекшеленеміз, бірақ бәрімізді біріктіретін нәрсе бар – бұл бүкіл қоғамның, бүкіл

алдында тұрған проблемалар. Ең өзекті мәселелер қандай? Студенттер экология, нашақорлық, ЖИТС, терроризм және т. б. проблемаларды атады.

-Сіздер “есірткі” сөзімен нені салыстыра алар едіңіз?

Студенттер тақтаға жазады.

– Өкінішке орай, біз нашақорлық пен есірткі туралы жиі естиміз: кинода, теледидарда, полиция есептерінде, күнделікті өмірде. Нашақорлық қауіпті, себебі ол 3 кезеңнен өтеді:

1) Физикалық тәуелділік: адам есірткі қабылдауды қажет етеді, әйтпесе ол “ағзаның сынуына” алып келеді. Оңалту орталығында есірткіні қолданғандардың бірі бұл жағдай туралы:”Сіздің ішіңізді шанышқымен тесіп, барлық іш-құрылысыңызды жанын шығарардай бұрап жатқанын сезінесіз”, деп айтады. Нашақор бұл ауырсынуды тоқтату үшін, тіпті қылмыс жасауға дейін барады.

2)Химиялық тәуелділік: зат алмасу бұзылғандықтан адам ағзасына есірткі қажет болады.

3) Тәуелділік: “ләззатқа” жету үшін көп және одан сайын көп доза қажет.

Сіз есірткі оны қолданатын адамға ғана емес, оның кейінгі ұрпақтарына да әсер ететінін жақсы білесіз. Ана мен әлі туылмаған баланың арасында байланыс бар екенін білесіз: нәресте анасымен не болып жатқанын сезінеді, ол онымен бірге қуанады, қорқады және ауырады.

Талқылау соңында:

-Енді ойланыңыз және өзіңіз үшін не таңдайтыныңызды шешіңіз: өмір немесе баяу өлім? -, деген риторикалық сұрақ қойылды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.