Көші-қон қызметі басқармасының өкілдерімен кездесу

2019 жылы 10 Қарашада “Bolashaq” академиясында Қарағанды облысы полиция департаменті көші – қон қызметі басқармасының (бұдан әрі-Қарағанды облысы КД ОӘК) қызметкерлері басқа елдерден оқуға келген бірінші және екінші курс студенттерімен және оқытушылар құрамымен кездесті.

Аталған кездесудің мақсаты Қазақстан Республикасының Көші-қон заңнамасын түсіндіру.

Қарағанды облысының ЖП ОӘК бастығының орынбасары Байбусынов Абзал Әсетұлы және Қарағанды облысының ЖП ОӘК инспекторы Алхамин Дидар Ибрагимович сұрақтарға жауап беріп, көші-қон саласындағы қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндірді және Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан басқа елдердің азаматтары-студенттерімен профилактикалық әңгіме жүргізді.

Кездесу қызықты және уақтылы өтті, қызметкерлер Қазақстан Республикасының аумағындағы құқықтары мен міндеттері, Қазақстан Республикасында болу ережелері, құжаттарды тапсыру мерзімдері, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерден келген студенттер тарапынан заңсыз іс-әрекеттердің салдары туралы айтып берді.

Барлық сұрақтарға студенттер толық жауап алды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.