Нашақорлық – қазіргі қоғамның  дерті!

Осындай тақырыппен 6В04201 – Құқықтану білім беру бағдарламасының топ кураторы Л.М.Жунусова Ю-21-2, Ю-23-2 топтарының студенттерімен дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел барысында студенттер тақырып бойынша нашақорлық, есірткі заттар мен психотроптық заттар, олардың түрлері, қазіргі қоғамдағы баса назар аударатын қылмыс түрлері екендігі туралы талқылады.

Нашақорлық-наркомания (грек тілінен narke– мелшию және manіa – ессіздік, құтырыну) –есірткі заттарға патологиялық дағдыланудың нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру.Нашақорлық – өзіндік ерекшелегі бар ауру.Онымен күресті тек кешенді, барлық әлеуметтік,дәрі-дәрмектік әдістерді қолдана отырып күресуқажет.Ең бастысы – аурудың өзі жазылуға ниетті болуы керек. Оның жазылу ниетін қолдап, көмектесу –қоғамның әр мүшесінің парызы.

«Жас достар! Нашақорлыққа қарсы күрес жүргізу біздің қолымызда, өйткені біздер жаңа дәуірде еліміздің болашағы үшін күресетін,таза, сау, денсаулығы мықты ұрпақ жалғастыратын қазақ елінің салауатты перзентіміз… Ойланайық! Санамызға сала пайымдайық! Нашақорлыққа ымырасыз болуға шақырамын барлықтарыңызды!», – деген ұранмен дөңгелек үстелдің алдыға қойған мақсаттарына қол жеткізілді.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.