Біздің студенттердің жеңісі

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі, Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі және Қазақстан студенттерінің Альянсы ҚР тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «2019 Жастар жылы» деп жариялауы аясында 2019 жылдың 26-29 қараша күндері Нұр-Сұлтан қаласында Жастар ісі жөніндегі комитет басшыларының I-ші және Республикалық студенттердің XVI шақырылымын өткізді.

Бұл шақырылымға 14 облыстан және 3 маңызы бар қаладан 350-ге жуық студенттер мен Жастар ісі жөніндегі комитет басшылары қатысты. “Bolashaq” aкадемиясының атынан шақырылымға aкадемиямыздың белсенді студенттері барған болатын. Атап айтсақ “Қазақстан студенттер Альянсының” “Bolashaq” aкадемиясы бойынша лидері Совет Нұрбота. “Bolashaq VIP” жайдарман командасының капитаны Бақытбеков Нұржан. “Мейірім” волонтерлік қозғалысының жетекшісі Қобланды Дәурен. “Саналы ұрпақ” ұйымының жетекшісі Мукатов Ерназар.

Академия Президенті Бексұлтан Мағрұпжан барған болатын.Осы шақырылымға орай, 26-28 қараша күндері Бурабайдағы «Зеленый бор» демалыс орнында «Жастардың өзін-өзі басқару жүйесін дамыту» әлеуметтік жобасы аясында республикалық студенттік қысқы лагерь өтті. Лагерь барысында спартакида мен семинар-тренингтар, сонымен қатар көңілді тапқырлар клубының лигасы өтті. Лагердің соңғы күні Бурабай өңірі бойынша экскурсия болды.

29 желтоқсан шақырылымның соңғы күні Нұр-Сұлтан қаласында форуммен жалғасты. Форум барысында Қазақстан Республикасы бойынша Үздік Жастар ісі жөніндегі комитет төрағалары мен белсенді студенттерді, сонымен қатар спартакиада мен көңілді тапқырлар клубының жеңімпаздарын марапаттады. Футболдан болған жарыста біздің команда қатысып, жүлделі 2-орынды иеленсе, көңілді тапқырлар клубының лигасында 1-орынға қол жеткізді. Қазақстан студенттер Альянсының 15 жылдығына орай Мағрұпжан Бексұлтан арнайы төсбелгісімен марапатталды.

Ақпарат @qsa_ask @ask_krg парақшаларынан алынды

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.