Қарағанды инновациялық лицейінде ашық сабақ өтті

19-21 қараша күндері Қазақ тілі апталығы аясында “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының студенттері Қарағанды инновациялық лицейімен (ҚТЛ) бірлесіп “Дауылпаз ақын – Қасым” атты әдеби-танымдық ашық сабақ өткізді. Ашық сабақты “Bolashaq” академиясының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Р. Н. Исмаилова ұйымдастырды.

Қасым Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы сабақ үстінде сөз болды. Ашық сабаққа лицейдің 8-11 сынып оқушылары қатысты. Оқушылар Қасым туралы ғылыми жұмыстар, мақалалар мен естеліктер туралы кеңінен айтып, әндер айтып, өлеңдер оқыды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.