«Bolashaq» Академиясында терроризмнің алдын алу мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті

Бүгін «Bolashaq» Академиясында студенттермен терроризмнің алдын алу және терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша ақпараттық кездесу өтті.

Кездесуге Қарағанды қаласы әкімдігі жанындағы Терроризмге қарсы комиссияның үйлестіру мәселелері жөніндегі бас инспекторы Сергей Юрьевич арнайы қатысып, білім алушыларға аталған бағыт бойынша маңызды ақпарат берді.

Кездесу барысында терроризмнің алдын алу шаралары, қауіпсіздік ережелерін сақтау, күмәнді жағдайларда дұрыс әрекет ету және қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі әр азаматтың жауапкершілігі туралы айтылды.

Іс-шара студенттердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға, қырағылық пен азаматтық жауапкершілікті арттыруға бағытталды.

Leave a comment

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.